Сабақтың тақырыбы: Сенім - менің сергім
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамдармен бір - бірімен сенімді қарым - қатынас жасауы туралы түсніктерін кеңейту.
Міндеттері:
-«Сенім» ұғымының мәнін ашу.
- Өз замандастарымен сенімді қарым - қатынас құра білу қабілеттерін дамыту.
- Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.
Шаттық шеңбері: Сәлеметсіңдерме, балалар! Бүгінгі сабағымыз көңілді, жақсы өту үшін алдымен бір - бірімізбен амандасып алайық. Әр баламен әр түрлі амандасуларыңа болады. Сонымен қайырлы күн, сәлем, сәлеметсіңбе, қалың қалай, жақсымысың, қош келдіңіз т. б.
Негізгі бөлім. Жаңа ақпарат
- Балалар, қазір үнтаспадан сендерге өлең оқылады, өлеңнің тақырбын табуға тырысыңдар. Ә. Табылдиевтың «Сенім» өлеңі оқылады.
- Олай болса балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Сенім - менің серігім»
/ТВ шоу тәсілі арқылы оқушыларға сұрақтар беріледі. Оқушылардың сөйлеу, тыңдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсіл./
- Сенім деген сөзді қалай түсінісің?
- Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
- Қандай адам сенімге ие болады?
- Адамдардың барлығына сенуге болама? Неге?
- Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?
/Оқушылардың ой - пікірлері тыңдалады./
Мәтінмен жұмыс.
Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін «Жаңа дүкенде» Мәтіні оқылады.
«Ой толғау» стратегиясы бойынша төмендегідей сұрақтар қойылады.
- Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап бере едіңдер?
- Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?
Тыныштық сәті. / Баяу әуен ойналады./
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Мұғалім:- Сенім тек жақын адамдар арасында ғана емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.
Сенім – адамның ақыл ойын, күшін еркін, қабілетін жоғарлататын жағымды, адамның жігерін арттыратын, болашаққа құлшындыратын құбылыс. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады.
Сахналау. Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диологты сахналау ұсынылады. «Кімге сенім артуға болады?»
- Сенімге ие болу үшін не істеу керек?
Шығармашылық жұмыс.
«Сенім» сөзінің әрбір әріпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.
С - сыйлы, сабырлы, сабаз, сыпайы...
Е – ержүрек, ермінезді,...
Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер...
І - ілтипатты
М – мәрт, мәдениетті, момын..
Дәйексөз
Жақын адамдардың, достарының, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу - әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М. Жұмабаев.
Дәптермен жұмыс.
47 бет 3тапсырма
«Тікелей радиоэфир» әдісі бойынша мұғалім оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақ қою арқылы сабақ қорытындыланады.
Жүректен жүрекке.
М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» оқылады.
Үйге тапсырма «Сенім» өлеңін жаттау, мәтінді оқу
Сенім-менің серігім
- Жансар
- 28 ақпан 2014
- 13798
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, әдістемелік көмек, сенім
Ұқсас жаңалықтар:
Жығылмасын махаббаттың жалауы
Сезім сәттің айтсақ та оңай ұранын, Өмір бір күн тоса қояр сұрағын - Дедің-дағы, сол сезімнің Сен бірде Биігі мен тауы не деп сұрадың....Перзенттерінің аналарына тілегі
Өсіп-жетілдік сенім бағында, Сенімнің бағы - ана мейірімі. Күндерді осы сенің барыңда Санаймыз, ана, өмір сыйлығы....Сенім туралы ұлағатты сөздер
Саған шынымен ең жақын адам - ол, сенің өткен өміріңді білетін, болашағыңа сенетін, қазіргі жағдайың қандай болса дәл солай қабылдайтын адам. Федор...Мінез адам көрсеткіші
Міндеттері: Оқушылардың мінез - құлқы туралы түсініктерін кеңейту. Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажыратуды білуге үйрету; Жақсы мінез...Шыншылдық – Адамдықтың белгісі
Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Міндеттері: - шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету; - өзара адал...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.