«Өз - өзіңді танысаң - істің басы» атты тақырыбында өткізілетін тренинг - сабақ
Мақсаты: оқушылардың өзін - өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз - өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру. Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: тренинг - сабақ барысында берілген ақпараттарды игере отырып, өз - өзін тани алуы, өз мүмкіншіліктерін білуі. Оқушының ойлау аймағының шексіз екендігін көрсете отырып, өз - өзін түсінуге, бағалауга баулу. Байқампаздыққа жетелеу.
«Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,
ең қиын нәрсе – өзіңді - өзің түсіну»
Әл – фараби
Жоспары:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. «Мен кіммін» тренингі
ІІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.
ІҮ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.
Ү. «Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?» жаттығуы.
ҮІ. Қорытынды:
І. Кіріспе сөз.
«Өзін - өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым - қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.
Тұлғаның өзін - өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.
1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез - құлықтың және іс - әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.
2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне - өзі сенімділік, өзін - өзі таныту.
3. Тұлғаның құндылықтық - мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.
4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік
Р. С. Немов өзiн - өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата - ана, туған - туыс, достар т. б баланың іс - әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс - әрекетiн өзгелердiң iс - әрекетiмен салыстыра бағалауы.
3. Өзiн - өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.
ІІ. «Мен кіммін» тренингі
Мақсаты: «Мен кіммін? деген сұраққа жауап беру. Өз есімдерін ұнату арқылы өзін бағалауға үйрету.
Бәрімізде адам болғандықтан, есім беріледі. Есімді қоярда бізден ешкім саған осы есім ұнай ма? деп сұрамайды. Сондықтан кей кездері өз есімдеріміз ұнамай қалып жатады.
Көзін жұмып ұнататындықтарын саусақпен көрсету. 1 саусақ – мүлде, 2 саусақ – ұнатпау, 3 саусақ – қанағаттанарлық, 4 саусақ – ұнатамын, 5 саусақ - өте қатты ұнатамын.
Өз есімдеріңді елестетіңдер. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет күйінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай үлкен бе? Кіші ме? Оның түсі қандай? Дыбыс естисіңдер ма?
Біз өзіміздің бағыт – бағдарымызды анықтап, өзімізді ғана емес, қоршаған ортадағы адамдар өміріне де араласып, ұлы адамдар өмірінен, мінез – құлқынан, жүріс - тұрысы, яғни бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерінен үлгі - өнеге алып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Осы мақсатта қазір «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» атты жаттығуы жүргізіледі.
ІІІ. «Мен қандаймын» жаттығуы.
Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.
Саусақтарыңызды айқастырып ұстаңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.
Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.
ІҮ. «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» жаттығуы.
Ойын шарты: Оқушыларға ауылға еңбек сіңірген адамдардың суреттері беріледі. Балалар осы кісі туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді.
Ү. «Өз ұстазыңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?» жаттығуы.
Біз бағанадан бері сынып оқушыларымен жұмыстар жүргіздік. Енді күделікті сынып өміріне етене араласып, тәрбие мен білімді ұштастырып отырған сынып оқытушыларының сынып оқушылары туралы қаншалықты жақсы білетіндігін байқау мақсатында, яғни оқушы мен оқытушы қарым – қатынасы қандай екендігін тексерейік.
Жүргізілу жолы: Сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер алдын – ала төмендегідей сауалдарға жауап толтырады. Мұғалім осы сыныптағы бір оқушыны таңдап алып, сол оқушының атынан сауалдарға жауап береді.
Менің есімім
Менің сүйікті түсім
Менің сүйікті ісім
Менің аяқ - киім өлшемім
Менің сүйікті әнім
Менің сүйікті фильмім
Осындай сауалдар үлгісі сынып оқытушыларынан алдын – ала алынып қойылады да, оқушылар жауабымен салыстырылады.
ҮІ. Қорытынды. Адамның өз «Менін» сезіне бастауын Абай атамыз тілімен айтқанда, кісінің өзіне - өзі ұдайы есеп беруінен, өзін - өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Біріншісі - өз бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – тұйықтықтан, үшіншісі – ұялшақтықтан арылғысы келеді. Жоғарыда өздерін біраз кемшіліктер туралы, көптеген жақсылықтар туралы айтып өттіңдер. Бәріміз де пендеміз, жаратылыста кем – кетіксіз адам болмайды, дегенмен шындап қолға алса, адам мінезінің сөзсіз өзгеретіндігі жаңалық емес.
Адам ғалам, ғажайып жеке - дара,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
«Өз-өзіңді танысаң - істің басы» тренинг-сабақ
- Гүлназ
- 22 қараша 2013
- 39936
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өзін-өзі тануға баулу, Өз өзіңді танысаң істің басы тренинг сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары ...
Өзін өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы...Рухани тәрбиенің қайнар көзі
Пәні: Өзін - өзі тану Тақырыбы: Рухани тәрбиенің қайнар көзі Мақсаты: Ата – ана мен баласының арасындағы қарым - қатынасты бақылау, пәнге деген...Адам болам десеңіз...
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы. Бастауыш сынып мұғалімі Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы...Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен...Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпа ...
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.