Заманауи сабақтың тиімділігін анықтау мақсатында оны дәстүрлі сабақпен салыстырудың көптеген жолдарын қарастырып көрейік:
Біріншіден: сабақ үш - төрт оқушыдан үй тапсырмасын сұраудан басталады. Сонымен бірге бір оқушы сабақ уақытының көп бөлігі кететін тапсырманы шешеді немесе үй тапсырмасын оқиды.
Екіншіден: мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар жаңа тақырып бойынша бір немесе бірнеше тапсырма орындайды;
Үшіншіден: сабақтың ресми бөлігі – мұнда мұғалім жеке оқушыларға бағаларын айтады, үй тапсырмасын береді.
Төртіншіден: үлгірімі нашар оқушылардан сұралмай қалуы да мүмкін,
өйткені олардың ойларын толық жеткізуі үшін бағалы минуттар қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ соңында бағалау әр оқушыға тимейді.
Бесіншіден: сол сабақта өз ойын айтқысы келген оқушылардың жабулы қазаны жабулы күйінде қала береді. Мүмкін олардың ойын жеткізуіне, сабаққа қатысуына мұғалімнің мақсатқа жетуде жасаған жұмысының аздығы болуы мүмкін. Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн.
Мына жағдаятты еске түсірсек: анасы мектептен келе жатып баласынан сұрайды: "бүгін сен сабақта нені үйрендің?" Баласы іскерлік түрмен жауап береді: "бүгін ештеңені үйренгенім жоқ. Сабақ бойы тек мұғалім сөйледі". Мұнда сабақ барысында қызметтің белсенді орталықтарын құруға мұғалім еңбек етуде: сөйлейді, жазады, талдайды, пайымдайды, салыстырады, қорытынды жасайды және бағалайды. Ал – оқушылар тыңдап отырған пассивті бақылаушылар түрінде қатысады, бірақ оқу үрдісіне қатыспайды, олардың қатысу белсенділігі тек тыңдаумен ғана шектеледі.
Бұл жағдаят біздің дәстүрлі сабақтарымыздың көлеңкелі жері деуге болады. Осындай кемшін тұстар болмауы үшін заманауи үлгідегі сабақтарды қолдау, мектеп өміріне енгізу бірден - бір тиімді жол болып отыр.
Енді заманауи сабақтардың бізге берері не екеніне тоқталып өтсек:
- Оқушы барынша еңбек етеді
- Мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады.
- Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді.
- Оқушы бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, өз өмірімен салыстыра алады, тұжырым жасайды.
- Оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етеді және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе алады.
- Барлық оқушылар тепе - тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт.
- Өз елінің қоғамының талаптарына сәйкес оқушы қалыптасатын сабақ.
- Оқушыға Жердің түрлі нүктелерінде заманауи өмірге ену үшін қажетті құзыреттіліктер қалыптастыратын сабақ.
- Мұғалімнің сыныпта жүзеге асыратын, мақсаттарға жетуге, баланың жаңа әлеуметтік - педагогикалық жағдайда өмір сүруге дайын тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған сабақ.
- Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбек терісін аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады (ол еңбек терісін аямай сабаққа дайындалды).
Заманауи педагогика бізден не талап етеді?
- Заманауи педагогика жай сөз түрінде ғана емес, практикалық оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда негізгі әрекеттегі элементі оқушы болғанын талап етеді.
- Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленеді.
Мақсаты нақты көрсетіледі және жасалатын іс - әрекеттер арқылы білімін жинақтайды, өзін бақылау, бағалау дағдылары қалыптасады.
- Заманауи сабақ құзыреттеліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақтың соңында сыныптағы оқушылардың көпшілігі мақсатқа жетеді және өз жұмысын өзі бағалайды.
Ал егер сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда мұғалімның өз қатесін дұрыстауына және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі мол. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің!
- Мұндай сабақтың нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынады.
Заманауи сабақты оқытудың мақсаты – ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабілеттерінің дамуы, яғни проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді.
Заманауи сабақ білім алушыны (оқушыны) неге дайындайды?
- Білім алушыларды өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына дайындайды.
- Білім алушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
- Ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзінің өмірі мен дамуын қамтамасыз ету мүддесімен қалыптастыру мен пайдалану қабілетін сипаттайды.
білім алушыны Жер шарындағы өркениеттің тұрақты даму мәселелері контекстінде қалыптастыру мен дамыту – бір жағынан, бұл құлықтың қажетті және жеткілікті стандартталған түрін (құзыреттіліктер) қалыптастыру, екінші жағынан – интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті барынша дамытады.
- Өзін - өзі тәрбиелеу үрдістерін басқара алады
Заманауи сабақты өткізгенде мұғалім нені жетекшілікке алуы қажет?
- Мен әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенін жетекшілікке алу.
- Әр оқушының білім алуға құқығы барын есінен шығармау
- Білім беру үрдісі (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жобалау.
- Білім алушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістері мен тәсілдерін жетік білу.
- Сабақты Блюмның таксономиясын пайдалана отырып жобалау.
- Әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтай алатынына сену.
- Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін сабақта оқытудың фронталды әдісін және «Мен сияқты жаса, менен де артық жаса» ұранын мүмкіндігінше пайдалану.
- Сабақта әр оқушының қызметін бағалауға үлгіру.
- Сабақта оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармау.
Сонымен қатар мына нанымды сөздер де мұғалімнің есінде болып, үнемі қолданатын құралы болса:
Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды.
Заманауи сабақ мұғалімнен нені талап етеді?
- шығармашылық ізденісті
- мамандықты білумен қатар педагогиканың теориялық және практикалық білімін
- тиісті оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелігіне бейімдеуін
- сыныптағы әр баланың мүмкіндіктері шегінде белсенді әрекет ететініне жағдай жасауын
- оқу жоспарлары мен материалдардың үнемі жаңартылуын
- қажетті ақпаратты іріктей алуын
- сабақ барысында мұғалімнің жұмысқа жағымды эмоционалды көңілінің болуын
- оқушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметін ұйымдастыру түрін хабарлауын
- үнемі ізденіс үстінде болуды
- әр тақырыптың мағынасын аша алуды
- сабақтың мақсатын ашуда түрлі ізденіс тапсырмаларының жүйелілігін
- Оқушылардың осы сабақта меңгеретін және болашақта нақты құрамды құзыреттілікті меңгеруі үшін қажетті операцияны таңдай алуын
- Сабақтың мақсатына жетуді қамтамасыз ететін қажетті және жеткілікті мазмұнның оқулықта болуын анықтай алуын
- Берілген сабақ бойынша оқулықтағы ақпаратты қажетті және жеткілікті ақпаратпен салыстыра алуын
- Оқулықта артық ақпарат көп болса, қажетті және жеткілікті ақпаратты қалай бөліп алу керектігін ойластыра алуын. Оқулықта қажетті және жеткілікті ақпарат жеткіліксіз болса, онда сабаққа қосымша ақпараттық карточканы әзірлей алуын
- Берілген оқу тапсырмасын оңтайлы орындауға қандай оқу техникасы мүмкіндік беретінін анықтау қажеттігін.
- Сабақта оқушыларға білім алуға кедергі жасалмауын, яғни оларға жұмыс жасау үшін көбірек уақыт беру қажеттігін
- Берілген сабақтың алдында өткізілген сабақпен салыстырмалы талдауын жасауыг. Әр оқушының оқу траекториясына назар аудару қажеттілігін. Барлық оқушылардың сабақ мақсатына жеткен - жетпегеніне назар аударылуын
- Рефлексивтік талдаудың нәтижесінде алынған барлық түзетулерді сабақ жоспарына жазуын және оларды әрі қарайғы жұмыста ескеру қажеттігін.
Заманауи сабақ оқушыдан нені талап етеді?
- Оқуда жетекшілікті қабылдау
- Оқуда жетекшілікті іздеу
- Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу
- Өздігінен басқара оқуын көрсету
- Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету
- Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету
- Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын
- Мектеп өмірінде алған білім - біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу
- Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындау алу
- Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген имерзімде орындап шығу
- Өз оқуын уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет
- Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну
- Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау
- сәтті оқу үшін кедергілерден өтуі
Осы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтың мақсатына жетуге болады. Заманауи сабақты меңгеруге барлығыңызға сәттілік тілеймін.
Заманауи сабақ - тиімді сабақ
- Ментай
- 18 мам 2013
- 20565
- 0
- 0
Ілмек сөздер: заманауи сабақ, ерекшеліктері, тиімділігі
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі
Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыруда ойын технологиясын қолданудың мәні зор. Ойын - баланың...Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері
Қазіргі тез өзгеріп отырған әлемде білім беру саласындағы мектептің мақсат пен міндеттері заманға сай өзгеріп, түзетулерге жие ұшырауда....Ақпараттық - қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызе ...
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің Физика - математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.