Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақ типологиясы

Тақырыбы: сабақ типологиясы.
(СТО технологиясы бойынша ұстаздар арасында өткен семинар)

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек.
А. Байтұрсынұлы.

Кіріспе.
Мұғалім өз өмірінде 25 мыңнан астам сабақ береді екен, ал оқушы 11 жылда 10 мың сабаққа қатысады екен.
Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Әр мұғалімнің өзіндік әдіс - тәсілі бар. Қандай әдіс – тәсіл болса да, оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға жетелеуі тиіс. Мұғалім жұмысы ұдайы ізденісті, еңбексүйгіштікті қажет етеді.
Әр топ ассоциация жасайды.
1 - топ. «Сабақ»
2 топ. «Қазіргі заман сабағын қалай дайындау керек?»,
3 - топ. «Сабаққа дайындықты неден бастау керек?»

Сабақ – оқу үрдісіндегі ең құрамды бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындалу сапасы сабақтың берілген деңгейіне, оның мазмұндылығына, әдістемелік толысуына байланысты.
Осындай мазмұнды сабақты қалай құру қажет?
Жаңашыл сабақты өткізгенде оқушыларға білім мен білікті игерту ғана емес, сонымен бірге олардың білімге деген қызығушылығын, шығармашылық санасын оятуға бола ма?
Бірінші.
1. Сабақтың тақырыбын нақты түрде анықтау.
2. Оқу курсында тақырып орнын анықтау.
3. Өтілетін сабақтағы басты түсініктерді анықтау, оқу материалының
келешекте іске асырылатын бөлімін, өз әрекетін өрлеу іскерлігі ретінде қарау қажет.
Екінші.
Сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функцияларын анықтап алу керек.
Сабақ мақсатының үш бірізділігі - бұл мұғалім алдын - ала жоспарлаған нәтиже, мұғалім мен оқушылар бұл нәтижеге сабақ соңында жетуі тиіс.
Сабақтың типіне байланысты сабақ мақсатын нақты қою қажет.
Үшінші.
Оқу материалын жоспарлау:
- Тақырып бойынша әдебиеттер жинақтау.
Оқу тапсырмаларын жинақтау, олардың мақсаты мыналардан тұрады:
- Жаңа материалды анықтау;
- Білімді жаңа жағдайда қолдану;
- Білімге шығармашылық көзқарас.
Төртінші.
Сабақтың өзгешелігін ойластыру.
Әр сабақтың мазмұны таңырқарлық, ғажап, таңғаларлық тудыратын нәрседен тұруы қажет. Ол қызықты жайттар, күтпеген жаңалық, әдемі тәжірибе, білгенге дәстүрлі емес амалдар қолдану.
Бесінші.
Сабақтың түріне байланысты мақсатын анықтау.
Алтыншы.
Алынған оқу материалын топтастыру. Ол үшін алынған материалмен жұмыс қандай жүйеде болатындығын ойластыру керек және оқушылардың әрекет түрлерін өгертуі қалай жүргізілетінін анықтау қажет.
Жетінші.
Оқушылардың сабақтағы әрекетін бақылауды жоспарлау. Ол
үшін нені бақылау, қалай бақылау, бақылау нәтижесін қалай
пайдалану керек екенін ойластыру міндетті шарт.
Сегізінші.
Сабаққа құрал – жабдықтарды дайындау.
Сабаққа керек оқу - құралдарының тізімін жасау, сабақтағы жаңа материал тақтада тізбекті конспект түрінде қалу үшін сынып тақтасының түрін ойластыру.
Тоғызыншы. Сабақты қорытындылау.
Оныншы. Бағалау.
Он бірінші. Үйге тапсырма беру.
“Кішігірім дөңгелек үстел” стратегиясы.
Сабақтың дұрыс өтуі неге байланысты?
Сабақтың дұрыс өтуі оның типінің дұрыс белгіленіп, кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылуында.
Сабақ типологиясы.
1. Аралас сабақ
2. Жаңа білімді меңгерту сабағы.
3. Қайталау сабағы.
4. Бекіту сабағы.
5. Білімді тексеру және бағалау сабағы.
6. Жалпылау және қорытындылау сабағы.
1. Аралас сабақ.

1. ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
3. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
4. Мақсат қою кезеңі.
5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
7. Бекіту кезеңі.
8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.

2. Жаңа білімді меңгерту сабағы
Бұл сабақта жаңа материал түсіндіріледі. Сабақтың негізгі мақсаты – терең де тиянақты білім беру.
1. ұйымдастыру
4. Мақсат қою кезеңі.
5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
7. Бекіту кезеңі.
8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.

3. Қайталау сабағы.
Бұл сабақтың басты мақсаты – бұрынғы сабақтарда алған білімдерді тереңдету, нақтылау, берілген білімдердің берік қалануын көздеу, олқылықтарды жою. Кезеңдер төмендегідей болады:
1. ұйымдастыру
4. Мақсат қою кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
3. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
7. Бекіту кезеңі.
8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.
4. Бекіту сабағы.
Негізгі мақсаты – интеллектуалдық және танымдық біліктер мен дағдыларды жетілдіру. Бұл сабақтың құрылымы өткен материалдарды қайталаулар мен жаттығулар орындатулармен байланысты.
1. ұйымдастыру
4. Мақсат қою кезеңі.
7. Бекіту кезеңі.
8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.

5. Білімді тексеру және бағалау сабағы.
Бұл сабақ типінің дидактикалық мақсаты – оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін тексеру.
1. ұйымдастыру
4. Мақсат қою кезеңі.
3. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.
6. Жалпылау және қорытындылау сабағы.
Бұл типтегі сабақтың негізгі мақсаты – білімді жалпылау және қорытындылау болып табылады. Бұл сабақ типтік жағынан қайталау сабағына ұқсас. Одан ерекшелігі тарау не тоқсан соңында қайталанады, ең түйінді мәселелер айқындалады, жүйеленеді. Сонымен қатар ең маңызды процестер мен құбылыстардың арасындағы қатынастар айқындалады.
1. ұйымдастыру
4. Мақсат қою кезеңі.
3. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
8. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.
«Араласқан оқиғалар» стратегиясы арқылы қорытындылау.
Ұлым саған айтайын өсиетін дананың:
Білімдіні таны да соңынан ер, қарағым.
М. Қашқари.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақ түрлері мен типтері

Сабақ түрлері мен типтері

Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу...
Зат есім.  Негізгі және туынды зат есім

Зат есім. Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Негізгі және туынды зат есім жайында түсініктерін пысықтау, алған білімдерін жинақтау. Сөз байлығын арттыру, сауатты...
Сандарды оқу, жазу, салыстыру және жіктеу

Сандарды оқу, жазу, салыстыру және жіктеу

КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...
Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның география пән мұғалімі Алимбай Салтанат Серикбайқызы...
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару

Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару

Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×