Құрметті әріптестер!
2024 - 2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары (бұдан әрі - МДҰ) мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепалды сыныптарында тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқау хат) қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (бұдан әрі - Стандарт), Үлгілік оқу жоспарларын (бұдан әрі – Үлгілік жоспарлар), Үлгілік оқу бағдарламасын (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) іске асыруға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік нұсқау хатта:
- тәрбиелеу - білім беру процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды
қолдану (сілтемелер);
- тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыру;
- балаларға қазақ тілін үйрету;
- вариативтік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
- экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;
- мерекелік шараларды ұйымдастыру;
- мектепалды даярлықты ұйымдастыру;
- «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді
мектепалды даярлықты ұйымдастыру;
- ата - аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын
ұйымдастыру бойынша ұсынымдар қамтылған.
Тәрбиелеу - білім беру процесін ұйымдастыруда әрбір балаға қолайлы, әрі
қауіпсіз орта құру басты назарда болуы тиіс.
Құрметті педагогтер!
Бұл Әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында тәрбиелеу - білім
беру процесін сапалы ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсетеді.
1. 2024 - 2025 оқу жылының негізгі ерекшеліктері
Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай - ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының негізгі ережелеріне (бұдан әрі – Тұжырымдама), білім беру саласының
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту жүйесінде (бұдан әрі – МДТО) жұмыстың мынадай бағыттары өзектендірілді
Балабақшаларға арналған Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы жүктеп алу
Балабақшаларға арналған Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы
- ramuk_b
- 5 тамыз 2024
- 3304
- 0