Әдістемелік нұсқау хатта 2023-2024 оқу жылындағы негізгі міндеттер белгіленген, ол мынадай бағыттарды қамтиды:
- тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
- тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру;
- Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және патриотизмге баулу;
- баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
- ойын арқылы үйрету;
- түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балаларды дамыту.
Әдістемелік нұсқау хат жыл бойы www.irrd.kz сайтында қолжетімді болады.
Нұсқау хаттың толық нұсқасын жүктеп алу
Мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында арналған әдістемелік нұсқау хат
- ramuk_b
- 28 тамыз 2023
- 1403
- 0
- 100
Ілмек сөздер: әдістемелік нұсқау хат 2023-2024 оқу жыл, мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптары
Ұқсас жаңалықтар:
Әдістемелік нұсқау хат 2023-2024 жыл
1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін, 3-4- сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқыту жалғасады. Оқыту қазақ...Әдістемелік нұсқау хат 2022-2023 жыл
✓ Мектепалды даярлық сыныптарына арналған Үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламаларын өзгерту ✓ Оқу жылының ұзақтығы 1 - сыныптарда 35 оқу...Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл
Жинақта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру...Әдістемелік нұсқау хат 2019 - 2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы...Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.