«Малонарым орта мектебі» КММ
2019 - 2020 оқу жылы бойынша
қазақ әдебиеті пәнінен мәтінді есеп
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.
5 - 9 - сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі м. а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен» жүзеге асырылды.
Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асырылады.
Биылғы 2019-2020 оқу жылы мен қазақ әдебиетінен 6 «А», 7 «А», 9 «А» сыныптарында сабақ бердім. Бағдарлама жыл бойынша толық орындалды. Әр сыныптан БЖБ, ТЖБ жыл бойы алынып, білім сапасы тексерілді.
6 «А» сыныбында – 68 сағат, 7 «А» сыныбында – 68 сағат, 9 «А» сыныбында – 102 сағат өткізілді. Білім сапасы 6 «А» сыныбында 60 %, 7 «А» сыныбында 50%, 9 «А» сыныбында 75%; оқу үлгерімі барлық сыныптарда 100%.
Жыл бойынша – өткізілген БЖБ, ТЖБ жұмыстары:
Сынып БЖБ ТЖБ
6»А» 6 4
7 «А» 6 4
9 «А» 7 4
2019-2020 оқу жылында қазақ әдебиетінен 6 «А» сыныбында 5 оқушы, оның 1- оқу үздігі, 2-оқу екпіндісі, 2- қанағаттанарлық; 7 «А» сыныбында 4 оқушы, 2 - оқу екпіндісі, 2- қанағаттанарлық; 9 «А» сыныбында 4 оқушы, 3 - оқу екпіндісі, 1- қанағаттанарлық.
Сабақтарымда білім алушылардың көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау, әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу, көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау, шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға тырыстым. Әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдауға, шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдауға, көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдауға, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазуға жетеледім. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беруге, әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беруге, шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазуды үйретуге тырыстым.
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интербелсенді қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдістерін «диалогтік оқыту» деп атауға болады [МАН, 82-бет]. Осыны басшылыққа ала отырып, мен сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау модулімен қатар диалогтік оқыту модуліне қатысты стратегияларды пайдалануға тырыстым. Олар: «Динамикалық шеңбер», «Үштік», «Джигсо», «Ыстық орындық», «Ашық микрофон», «Төрт сөйлем», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері. Аталған стратегиялар арқылы мен оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты талқылауға жетелеуге тырыстым.
Жақсы оқитын оқушыларды интернет олимпиадаларға қатыстырдым. Қазақ әдебиеті пәнінен www.nio.kz сайтындағы олимпиадаға қатысқан оқушыларым: Ушпаева Нұрай (9 сынып - I орын), Ушпаева Айсулу (7- сынып - I орын), Жарқын Серікбол (6 сынып - II орын), Николаев Алтынбек (7 сынып - I орын). 6 «А» сынып оқушысы Рахимжанов Талжан Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Шығармашылық үйі ұйымдастырған, қашықтықтан аудан мектептері арасында өткен «Өркен-4» байқауына қатысып, II орын алды.
Өзім де 2019 жылы www.nio.kz Республикалық Ұлыттық Интернет Олимпияда сайтында өткізілген қазақ әдебиеті пәні бойынша мүғалімдер арасындағы олимпиадаға қатысып, III дәрежелі диплом алдым. 2019-2020 оқу жылы Ustaz tilegi, www.bilimsite.kz, www.infourok.ru, www.bilimdiler.kz, www.multiurok.ru сайттарында сабақ жоспарларым мен тәрбие сағаттарым жарияланып, сертификаттар мен Алғыс хаттар берілді.
Осы жылдың төртінші тоқсанында Ustaz tilegi сайтында «Сабақтағы тиімді кері байланыс ұйымдастырудың тиімді техникалары» тақырыбында өткен вебинарға қатысып, сертификат алдым. Осы аталған сайтта мамыр-маусым айында өткізілген Республикалық олимпиадаға қатысып, II дәрежелі диплом алдым.
Гуманитарлық пән мұғалімдерімен бірлесіп, Абайдың 175 жылдығына орай мектепішілік кеш өткізуге атсалыстым. Кеш жоғары деңгейде өтті. Осы шараға оқушыларымды да қатыстырдым: Нуриев Ілияс, Николаев Алтынбек Абайдың өлеңдерін жаттап, мәнерлеп оқыды.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7-сыныптарында «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктірілген.
Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді. Осы мақсатта гуманитарлық пән мұғалімдерімен бірлесіп, 6-7 сынып оқушыларын Шыңғыстай ауылындағы «Шыңғыстай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы мектеп-музейіне апарып, Оралхан Бөкейдің туып-өскен жерімен және үйімен танстырдық.
Пән мұғалімі: Каирбаева Д.Е.
Әдебиет пәні бойынша мәтінді есеп
- Dianakairbaeva
- 28 мам 2020
- 2942
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әдебиет пәні бойынша мәтінді есеп, есеп қазақ әдебиеті
Ұқсас жаңалықтар:
Әдістемелік нұсқау хат 2019 - 2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы...Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:...«Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі...Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік...«Қазақ әдебиеті» пәнінен бағыты бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу ...
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 - сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаратылыстану - математика бағыты бойынша жаңартылған...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.