Сабақ тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балаларға пішіндер жайлы түсінік беру, пішіндерді ажырата білуге үйрету
Түзете – дамытушылық: есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып, ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, педагогпен жақсы қарым - қатынасқа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жеке және топтық
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекі құралдары: видео - ролик, түрлі - түсті қамыр, магнитті құрастырғыштар, геометриялық пішіндер(шаршы, шеңбер, үшбұрыш), тақтайшалар, геометриялық оймақтар, текше.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ. Негізгі бөлім
Балаларға геометриялық пішіндерді видео ролик арқылы таныстыру.
- Бұл балалар – пішіндер. Мынау – үшбұрыш. Үшбұрыштың үш бұрышы және үш қабырғасы болады. Қане, бұрыштарын санайықшы. Үшбұрыш неге ұқсайды? - үйдің шатырына, шыршаға ұқсайды.
Бұл – шеңбер. Шеңбердің бұрыштары жоқ. Шеңбер неге ұқсайды - допқа, алмаға, күнге.
Бұл – шаршы. Шаршының төрт қабырғасы және төрт бұрышы болады. Қане, бұрыштарын санайықшы. Неше бұрышы бар екен? – төрт бұрышы бар.
Шаршы неге ұқсайды - есік, терезе, тақта, кітап т. б.
• «Тәтті печенье» ойыны
Ойынның мақсаты: балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, сенсорлық қабілетін арттыру.
Ойынның шарты: балалар түрлі - түсті қамырлардан пішіндерді ойып,
печенье жасау.
Сергіту сәті
Видео - ролик арқылы балаларды сергіту
• Магнитті құрастырғыштармен жұмыс
Тапсырма мақсаты: балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, ойлау қабілеттілігін арттыру
Тапсырма шарты: магнитті құрастырғыштарды бір - біріне жабыстыру арқылы геометриялық пішіндерді жасау
• «Көңілді пішіндер» қимыл қозғалыс ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа үйрету,
Ойынның шарты: педагог пішіндердің суреті белгіленген текшені лақтырады, текшеде қандай пішіннің суреті түссе балалар сол пішінді орындықтарға жылдам барып отырады.
Қорытындылау: балаларды мақтап, мадақтау
Ашық сабақ "Геометриялық пішіндер"
- DIKACHUK
- 11 ақпан 2020
- 5516
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Геометриялық пішіндер, балабақшаға арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:

Ғажайып геометриялық пішіндер елінде
Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер туралы түсініктерін тиянақтау, пішіндер жайлы балалардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау...
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Мақсаты: 1. Ойын арқылы балалардың қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыру. 2. М. Монтессори әдісі бойынша қол, саусақ моторикасын дамыту....
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебі Шағын орталықтың аға тәрбиешісі Орманова Құралай Халелқызы...
Геометриялық пішіндер әлемінде
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету....
«Пішіндер әлемі»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.