Ұлы Дала елінің дарабоздары
АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық жырауы, әскербасы, қоғам қайраткері.
Қазақ халқы басынан кешірген ұлы күйзелістер кезінде өмір сүрген Ақтамберді 17 жасынан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен болған шайқастарға қатысады. Бұл соғыстарда ол батылдығымен ерекшеленеді, кейінірек әскербасылық қабілетімен де көзе түседі. Талай - талай ұрыстарда ысылып, батыр атанған Ақтамберді жырау тарихқа «Ұлы апат жылдары» болып енген оқиғалардың ішінде жүрді. Жоңғарларға қарсы ұлт - азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды.
Жоңғар мемлекетін талқандап, Қазақстанның шығыс өңірін жау қолынан босатқаннан кейін, Ақтамберді жырау қазақтарды ежелгі ата - бабалары өмір сүрген қоныстарына орналастыруға белсене атсалысты.
Ақтамберді өз қарамағындағы қазақ руларын отырықшылыққа үйретуге тырысты. Бұл бағытта арық қазуды, бөген салуды ұйымдастырып, қазақтарды егін шаруашылығына үйретуді қолға алады.
Ақтамберді жырау туындылары негізінен нақыл - өсиет түрінде келеді. Олардан көшпелі қазақ халқының ой - арманын, мақсат - мүдделерін білуге болады. Көшпенділердің өміріндегі үй жануарлары, әсіресе жылқының орны мен рөлі туралы ой - толғаулары өзгелерден биік тұрады. Ол жылқы малын «ер қанаты» дей келе, оны жауға қарсы шапқан батырдың серігі ретінде суреттейді.
Ақтамберді жырларының арқауы батырлыққа үндеу, жауға қарсы соғысқа жігерлендіру болып табылады. Ол жоңғарлардың билігінде қалған қазақ далаларын азат етуді, қазақ халқының өрлеуін, жоңғар басқыншыларын толығымен жеңуді армандайды. Көптеген өлеңдерде қазақ халқын жауға қарсы жан аямай күресуге шақырады. Ақтамберді жыраудың сұрапыл соғыстар кезінде туындаған өлеңдері XVIII ғасырдағы қазақтардың жауынгерлік өр рухын дәріптейді.
Ақтамберді жырау
- ramuk_b
- 15 наурыз 2017
- 4017
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақтамберді жырау, Ақтамберді жыраудың өмірі
Ұқсас жаңалықтар:
Қазтуған жырау
Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық...Ақтамберді жырау
Ақтамберді жыраудың өмір жолынан мәлімет беру. Оқушыларды жыраудың толғаулары арқылы ерлікке, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ақынның...Сарыұлы Ақтамберді жырау
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)...Қалқаманұлы, Бұқар жырау
Қалқаманұлы, Бұқар жырау...Жиембет жырау
Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.