Сайтқа кіру Тіркелу

Тарих тағылымы – ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы

Тарих тағылымы – ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы

Білім мен өнерге құштар, арманы асқақ, мақсаты ортақ жастардың басын қосқан әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – талай буынға сапалы білім беріп қана қоймай, ұлттық рух пен тарихи сананы қалыптастырып келе жатқан қара шаңырақ. Мұнда студенттің кәсіби білімімен қатар, оның дүниетанымын кеңейтуге, мәдени - рухани құндылықтарын қалыптастыруға, туған елінің тарихы мен мұрасына деген құрметін арттыруға ерекше мән беріледі.
Жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың ұлттық болмысын сақтау, тарихи жадысын жаңғырту және елдің мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру – білім беру саласының маңызды бағыттарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, студенттердің оқу белсенділігін арттырып, олардың танымдық қабілетін дамытуға бағытталған ғылыми - танымдық іс - шаралардың орны айрықша.
Бүгінде кафедра оқытушылары шетелдік студенттердің білім көкжиегін кеңейту мақсатында Қазақстанның тарихи және киелі орындарына арналған ғылыми - танымдық іс - шараларды, кездесулерді жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Мұндай шаралар студенттерге еліміздің бай тарихи - мәдени мұрасын жаңа қырынан танып, өткен мен бүгіннің сабақтастығын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Ғылыми - танымдық іс - шаралардың негізгі мақсаты – шетелдік студенттерге заманауи Қазақстан мәдениетін таныстырумен қатар, ұлттық мәдениетіміздің негізін құрайтын тарихи жәдігерлерді, салт - дәстүр мен рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау. Тарихи орындар туралы бейнематериалдар көрсету, олардың қалыптасу тарихын баяндау, студенттердің сұрақтарына жауап беру арқылы оқытушылар аудиториямен мазмұнды әрі тағылымды пікір алмасу алаңын қалыптастырады.
Осындай кездесулер барысында студенттер Оңтүстік Қазақстан өңірінің тарихи - мәдени нысандары туралы мәліметтермен танысып, Арыстан баб кесенесі, Отырар музейі, көне Отырар қаласының орны, «Отырар опаты» кезеңіне қатысты тарихи деректер және ежелгі құмырашылар шеберханасы туралы мағлұмат алады. Бұл нысандардың әрқайсысы – қазақ даласында өркениет пен мәдениеттің тамыры тереңде жатқанын айғақтайтын құнды тарихи мұра.
Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістан қаласы да ғылыми - танымдық шаралардың мазмұнында ерекше орын алады. Студенттердің назарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, жер асты мешітіне, Ясауидің қылуетіне қатысты тарихи деректерге аудару арқылы олардың туған жер тарихына деген қызығушылығы арта түседі.
Осындай іс - шаралар арқылы студенттер Қазақстан аумағында қалыптасқан ежелгі өркениет ошақтары, тарихи тұлғалар мен ұлттық мәдениеттің құнды жәдігерлері туралы білімдерін тереңдетеді.
Ғылыми - танымдық шаралардың тағы бір ерекшелігі – олардың білім мен тәрбиені ұштастыруында. Студент тарихи деректі меңгере отырып, сол кезеңнің мәдениетін, дүниетанымын, адамгершілік құндылықтарын түсінуге мүмкіндік алады.
Ғылыми - танымдық шаралар – өткенді зерделеудің ғана емес, болашақты тәрбиелеудің де тиімді тетігі. Ұлттық құндылық пен заманауи білімді сабақтастыра отырып, осындай тағылымды кездесулерді жүйелі түрде жалғастыру – білімді, рухани бай, тарихи санасы жоғары жаңа буын қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.

А. Е. Саденова, Ж. Т. Молдағалиева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Танымдық бағыттағы шаралардың маңызы

Танымдық бағыттағы шаралардың маңызы

Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің...
Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі

Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі

Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде бір үйдің...
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...
Тәрбиелік шаралардың рөлі

Тәрбиелік шаралардың рөлі

Кемелді болашақ кепілі білім болып табылады. Елімізде білім беру саласы алға жылдам ұмтылып, қарқынды дамып келеді. Білім беруде, ғылымға баулуда...
Білім мен мәдениет тоғысындағы білім кеңістігі

Білім мен мәдениет тоғысындағы білім кеңістігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымды, мәдениет пен халықаралық ынтымақтастықты тоғыстырған іргелі білім ордасы....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×