Сайтқа кіру Тіркелу

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайлары

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайлары

Еліміздің ең ірі білім ордасы - Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарихы мен мәдениетінің, білім деңгейі мен қорының басты көрсеткіші мұражайлар екені белгілі. Бұл мұражайлар - өнегелі мамандарын тәрбиелейтін университеттің ғылыми - ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бөлімшесі. Олардың негізгі мақсаты - халқымыздың бай тарихи - мәдени, рухани мұрасын сақтау мен насихаттау, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу болып табылады. ҚазҰУ қабырғасында 6 мұражай бар. Олар әр жылдары салынып, әрқайсысы жеке - жеке кешенді құрайды.
Бірінші мұржай - Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мұражайы. Университет мұражайы 1989 жылдан бастап жұмыс істейді, 20 жылдан кейін оған ауқымды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жаңа мұражайдың ашылуы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылы 13 қазан айындағы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ға келу сапарымен орайластырылған болатын. Бұл мұражайда ҚазҰУ тарихы, оның іргесін қалап, өнегелі өмірін осында жұмыс істеп өткізген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін баяндаумен, бай мұрасымен ерекшеленеді.
Екінші мұражай - Әл - Фараби бабамызға арналады. Мұражай Қазақ ұлттық университетіне 1991 жылы есімі берілген Ұлы ғұлама бабамыз әл - Фарабидің рухани мұраларына арналған. Бұл музей 2013 жылдың 13 сәуір күні университетіміздің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде өз есігін барша қауымға айқара ашты.
Үшінші - биологиялық мұражай. Ол 1936 жылы биология¬лық факультеттің зоология кафедрасы жанынан зоологиялық мұражай ретінде ашылып, кейін 1949 жылы факультеттің биологиялық мұражайы болып қайта құрылды.
Төртінші - Қазақстанның палеолит мұражайы. 2000 жылы ашылған. Мұражайдың топтамалық ғылыми қоры 600 мыңнан астам артефактіден тұратын палеолит және неолит дәуірлеріндегі тастан жасалған құрал - саймандардың жинағынан құралған.
Бесінші - Қазақстанның көне және ортағасырлық археологиясы мұражайы. Ол 1983 жылы ашылған. Онда қола дәуірінің, ерте темір ғасырының және орта ғасырлардың археологиялық материалдары жинақталған.
Алтыншы - Шығыс мұражайы. Ол 2014 жылдың 16 мамырында шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің серпінді жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында ашылған болатын.
ҚазҰУ мұражайлары тарихи, мәдени, рухани құндылықтарды бойына сіңірген жас мамандарды дайындауда маңызды рөл атқарады.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
оқытушылары Тасилова Н. А., Ибрагимова М. Н., Нұртілеуова С. Р.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы Қазұу палеолит мұражайы

Әл - Фараби атындағы Қазұу палеолит мұражайы

Мұражай – еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. ҚазҰУ 6 мұражай бар....
Мәдени мұра - ұлт тарихы

Мәдени мұра - ұлт тарихы

Қазіргі уакытта мұражайлар Қазақстанның мәдениет тарихында ерекше орын алады. Негізінен тарих куәсі, оқу - тәрбие орталығы, елдің асыл қазынасы болып...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат

Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат

Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×