Сайтқа кіру Тіркелу

Онлайн курстың қажеттілігі

Онлайн курстың қажеттілігі
«ЖАОК» – жаппай ашық онлайн курс, бұл электрондық түрдегі ақпараттық мультимедиялық құрал болып табылады, оның құрамына келесі авторлық құқық - туындысы кіреді:
– әдеби туындылар (лекциялар, мәтіндік файлдар);
– аудио бейнелі туындылар (видео);
- графика туындылары, дизайн және басқа да бейнелеу өнерінің туындылары (суреттер, презентациялар, 2D - графика, 3D - графика және т. б.);
– фотографиялық туындылар.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://farabi. university жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары 2022 жылдың қаңтар айында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық және Цифрлық инновациялар кеңсесі ұйымдастырған Жаппай ашық онлайн курстарының байқауына қатысып, барлық кезеңнен мүлтіксіз өтіп тегін онлайн курс түсіруге жолдама алған болатын. Курс «Ортағасырлардағы Қазақстан тарихын меңгерудің ұтымды тәсілдері» деп аталады. Міне бүгінде сол курсымыз тыңдаушыларға ұсынылып, сабақ барысында қолданысқа ие болды. Курста Отан тарихының маңызды кезеңдерінің бірі – орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы қарастырылады. Әр дәрістің соңында тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеруге арналған әр түрлі тесттер беріледі, тестті шешу арқылы тыңдаушы өз деңгейін анықтайды. Бір модульді толық аяқтаған соң білімін нақтылай түсу үшін қорытынды тест орындайды. Курс әсіресе шетел тыңдаушылары үшін өте ыңғайлы жасалған. Бейнедәрістерді қайта - қайта көріп, тыңдау арқылы тақырыптарды жақсы меңгере алады. Қорыта келсек, тарих пәнін түсіндіруде заманауи жаңа технологияларды қолдану – оқытушыға сабақты жоғары сапада өткізуге пайдалы және тыңдаушының түсінігіне орасан зор әсерін тигізіп, білім сапасын жоғары деңгейде көтереді. Сонымен қатар тыңдаушыларды оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен қызығушылығына ықпал етеді. Сондықтан да осындай түрлі әдістерді сабақта қолдану тыңдаушының тәрбиесіне де жақсы ықпал етеді деген ойдамыз.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
оқытушылары Ибрагимова М. Н., Нұртілеуова С. Р., Мужигова Г. М.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ: Азияның үздік университеттері қатарында – мәдениет пен білімнің үйле ...

ҚазҰУ: Азияның үздік университеттері қатарында – мәдениет пен білімнің үйле ...

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Al - Farabi Kazakh National University) Азияның жетекші 30 университетінің қатарынан лайықты орынды...
Талапкер ҰБТ - ға қаншалықты деңгейде дайынсыз?

Талапкер ҰБТ - ға қаншалықты деңгейде дайынсыз?

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіне жыл сайын, жоғары білім алу мақсатында, арман жетегінде...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×