Мәдени мұра - ұлт тарихы
Қазіргі уакытта мұражайлар Қазақстанның мәдениет тарихында ерекше орын алады. Негізінен тарих куәсі, оқу - тәрбие орталығы, елдің асыл қазынасы болып мұражайда көрсетілген заттар мен алынған мәліметтер табылады. Қазіргі кезде заман талабына сай тарихи мұралар сақталған мұражайлардың ұлттық ерекшеліктері мен мәдени - танымдылық сипаты, тарихи - тағылымдық маңызы ерекше даму үстінде.
Қазақ елі тарихи мұраларға бай. Сол тарихи мұраның бір бөлігі – Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы. Алматы қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы байырғы, әрі ең ірі музейлердің бірі.
Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен таныстырып, теориялық алған білімдерін практикалық жүзінде іске асыру мақсатында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми - танымдық іс - шаралар жүзеге асырылып отырады.
Студент жастар ғылыми - ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағытта – Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына экскурсия жасайды. Бұл жобаны жүзеге асырудағы мақсат - тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік - экономикалық өміріне қатысты жәдігерлер, ұлттық валюта үлгілері, жаңа марка түрлері, ғарышкерлер мен ғарыштану ғылымына қатысты тың материалдар, соңғы кездегі ұлттық қолөнер туындылары тарихымен кеңінен таныстыра отырып, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мәдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы – еліміздің мәдени туризмін дамытуда стратегиялық маңызды объектілердің бірі. Шара барысында студенттер аталмыш мұражай қызметкерлерінің мұражай экспозициялық залдары бойынша мұражай қорындағы құнды экспонаттар мен мұражай тарихынан, тарихи жәдігерлер жайлы таныстырылымын мұқият тыңдап, баға жетпес тарихы мен ұлттық құндылықтары жөнінде жан - жақты мағлұмат алады.
Халық тарихы мен өнерін қамтитын халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап әрі өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден студенттер тамаша әсер ала алады.
Ұлттың ұлылығын білдіретін белгі – оның тереңге кеткен тарихы мен мәдениеті, сол рухани байлықты, сан ғасырдан жеткен мұраны, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту аясында ұлттық мəдениетпен, қасиетті рухани құндылықтармен таныстыру арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді дәріптеу. Ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болады.
Өзенбек Еркебұлан
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы
Тарих факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Мәдени мұра - ұлт тарихы
- ramuk_b
- 13 қазан 2024
- 95
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мәдени мұра, мұражай, Қазақстанның мәдениет тарихы
Ұқсас жаңалықтар:
Мұражай - тарих айнасы
Халқымыздың сан ғасырлардан тамыр тартатын өткені мен бүгіні, жылдар қойнауындағы құндылығы мен тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа жеткізуде...Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат
Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда...Д. А. Қонаевтың үй - мұражайына саяхат
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттері Алматыдағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың...Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі
Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде бір үйдің...Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.