Сайтқа кіру Тіркелу

Тазалық апталығы

Тазалық апталығы
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, өтіп жатқан тазалық апталық сенбілігіне әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқып жүрген шетелдік студенттер белсене қатысты.
Білім алушы жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп, және ҚазҰУ қалашығының санитарлық жағдайын жақсарту - апталықтың мақсаты болып табылады.
«Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Бұл уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет», – деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Тазалық акциясына қатысушы шетелдік студенттер оқу ғимаратының және жатақхананың айналасын тазалап, ретке келтірді. Сенбілік барысында оқу ғимаратының аумағы тазартылды.
Шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен өткен сенбілік шетелдік студенттердің бойына экологиялық мәдениет қалыптастыруға өз септігін тигізді деп есептеуге болады.

Саденова А. Е., Казмагамбетова А. С.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілік – тазалық таразысы

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен басталған «Таза...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Денсаулық – өмір негізі

Денсаулық – өмір негізі

Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×