Сайтқа кіру Тіркелу

14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын «Көрісу күніне» орай ашык тәрбиелік іс - шара ұйымдастырылды. Тәрбиелік іс - шара «14 наурыз - Көрісу күні» атты тақырыпта өтті. Шара барысында шетелдік студенттер оқытушылардан Наурыз мейрамы осы айдың 14 - інен, яғни «Көрісу» салтынан басталатыны, көрісу (яғни, қауышу) күні деп аталатыны, бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір - бірін құттықтайтыны туралы білді. Сонымен қатар «Көрісу» - тек адамдардың бір - біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай - ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс екені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғаса беретіні туралы да мәлімет алды.
Одан кейін шетелдік студенттер Наурыз мерекесінің бастауы «Көрісу күні» мерекесі туралы бейнеленген бейне таспа арқылы «Көрісу күнін» атап өту дәстүрлерімен таныса отырып, қазақ елінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, әдеби көріністі де тамашалай алды. Іс - шара жиналған шетелдік тыңдаушылардың көңілін көтеріп, алдымызда көктем мен «Ұлыстың ұлы күні» – әз Наурыз мерекесі де келе жатқандығын еске салды. «14 наурыз – Көрісу күні» атты іс - шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Көрісу - татулық пен берекенің бастауы

Көрісу - татулық пен берекенің бастауы

Адам болмысын ашатын тіл қызметі, тіл арқылы берілген алғашқы түсінік таным деп аталады. Танымның басты міндеті – адамның танымы арқылы жасалатын,...
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×