Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен тұспа - тұс келуі – еліміздегі саяси оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи құжат болып табылады. Жолдаудың мән - маңызы өте ерекше, ауқымы кең, мазмұны бөлек болып табылады.
Сондықтан оның әр бөліміндегі көтерілген мәселелер мен тапсырмалар ұлт ертеңі үшін атқарылатын нақты жол. Мемлекет басшысы кезекті Қазақстан халқына жолдауында алда тұрған маңызды бағыттарымыз бен мақсат - мұраттарымызды анықтап берді.
Бұл Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту, құрлықтың экожүйелерін және су ресурстарын ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруі, инклюзивтік өсу жаһандық серіктестік, ресурстарды жұмылдыру, технологиялар, сауда мәселесі сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бойынша маңызды мәселелер көтерілді. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын.
Президенттің биылғы Жолдауындағы білім саласына қажетті ең маңызды мәселе «сапалы білім» беру туралы, интернеттің жылдамдығы мен мұғалім кадрлардың біліктілігі туралы терең айтылды. Президент Жолдауда: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлық ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек», – деді. Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі
- ramuk_b
- 7 қыркүйек 2023
- 501
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сапалы білім, Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары, жолдау 2023
Ұқсас жаңалықтар:
Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...Жолдаудағы мақсаттарды орындау үлкен жауапкершілік жүктейді
2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі саяси¬ оқиғалардың ең маңыздысы...Саяси жаңғыру бағдары
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет....Жолдау жүктеген маңызды міндет
Президент Қасым - Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы...Сапалы білім – болашақ кілті
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін президент Жолдауының бұл жолы 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа -...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.