ҚазҰУ – халықаралық достықтың мекені!
Мектеп бітірген соң барлық түлектердің арманы оқуға тусу. Және түлектің алдында университет сайлау, мамандық сайлау т. б мәселелер турады.
2022 жыл тамыз айында мен Турікменстаннан Алматы қаласына келдім. Менің алдымда үлкен мәселе яғни университет, мамандық сайлау. Алматыдағы туыстарымның ұсыну мен Қазақ Ұлттық Университетінің Филология факультетіне
оқуға түстім. Филология факультетін таңдау себебім заман талабы, қазіргі жаңа технологияларды жақсы меңгеру. Маған қатты ұнағаны мамандығы әртүрлі ұйымдарда мұғалім, ғылыми қызметкер, әдеби редактор немесе аудармашы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беруі. Көпшілік жастардың арманына айналған ҚазҰУ - да оқу мүмкіндігіне ие болдым. Аллаға шүкір. Шынында да, арман боларлықтай атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алды. Бұл жердегі оқыту әдістері туралы айтатын болсам өте дамыған. Басқа мемлекеттер мен салыстыруға болады. Бұрын әкем «өмірдегі ең қызықты шақтар – студенттік шақтар» десе түсінбейтін едім. Нағыз достарды осы жерден таптым. Ұмытылмас сәттер осы университеттен басталды. Өмірдегі ең ыстық сезімдер мен пейілдер, сыйластық пен құрмет – барлығын осы ҚазҰУ - дан алдым. ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін, тұлғаның жан - жақты ашып, зерттеп көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ - да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын. Алматыдай үлкен қалаға келіп жалғызсырау, бөтенсіну деген жағымсыз әсер атымен жоқ. Үлкен өмірге қадамдар осы ҚазҰУ дан басталды. Университетімізде үйренуге, оқуға барлық мүмкіндіктер бар. Студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі кіреді. Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Farabi Alemi» конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Тағыда іс шаралар өткізіліп турады. Бул туралы тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қозыбакова Фатима апайымыз активтер. Жақында Фатима апайымыздың басшылығында “Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама 300 жыл”, “Алтаудың хаты” атлы конференциялар іс шаралар өткіздік. “Қазақстан экономикасы” тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Осы Фатима апайымызға көп рахмет айтқым келеді. Мен өзім Турікменстаннан келгендігімнен Қазақстан тарихы өте қызықты болды. Апайымыз арқылы Қазақстан тарихына терең бойладық және білдік. Біз үшін жан аямай еңбек қылды Қазақстан тарихын білуімізде өзінің үлесін қосты.
Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!», – демекші арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастардың отаны – Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті!
Ғылыми жетекші: тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қозыбакова Фатима Ақынбаевна
Орындаған: ҚазҰУ - ның Филология факультетінің 1 - ші курс студенті
ҚазҰҮ халықаралық достық мекені
- jumasheva_aida
- 25 сәуір 2023
- 327
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ҚазҰҮ, халыкаралық достықтың мекені, қандай оқу орнын таңдауға болады
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ – менің мақтанышым
Әр адам жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген әрі есте қаларлық оқиғаларға толы қызық шақтарды барынша жарқын және қарқынды өтуі тиіс...Менің студенттік өмірім
Студенттік өмір - бұл өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең, жаңа мүмкіндіктердің уақы-ты, өз ортаңды тауып, дамитын шақ. Күн сайын жаңа нәрсені..."Мамандық таңдау: мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды таңдаймын"
Жастардың маңызды мәселелерінің бірі - мамандық таңдау. Дұрыс таңдалған мамандық жастарға өз қабілеттерін толық іске асыруға, шығармашылықпен жұмыс...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.