Мерейлі университет
Студенттік өмір әр адамның өміріндегі қиыншылығымен, қызықтылығымен есте қалатын кезеңдердің бірі. Төрт жылың төрт күн секілді көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Әр адам өзінің мамандығын және сол мамандағына орай тиісті білім алу үшін жақсы білім ордасын таңдауы қажет. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым, менің назарым әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады. Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани - тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие.
Ең алғаш универге түсетін сәтімде өте қобалжыдым, студенттік өмірден не күтетінімді білмедім. Университеттегі алғашқы күнім туралы айтатын болсам, жүздеген мен қатарлас студенттер тобы, бәрі бір - бірін танымайды, аң - таң болып жүргені рас. Біздің университет көптеген факультеттер мен құрылымдардан, кафедралардан тұрады. Алғашқы күндері аудиторияларды іздеп университет ішінде шарқ ұрасың. Алғашқы күні топтарға бөлініп, өз куратормен, топ старостасымен танысқан күн. Келесі күндері мектепте оқытылмаған жаңа пәндермен, жаңа оқытушы - профессорлармен танысып, жаңа оқу жоспарымен білім алуды бастадық. Қыркүйек айының соңына қарай университеттегі Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жоғары деңгейде «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі салтанатты түрде атап өтті. Түрлі студенттік клубтар кешті жандандырды, кеш соңында эстрада жұлдыздары ән шырқады. Соңында фейерверк пен жас студенттер өздері би биледі. Міне, бұл мен үшін ең алғашқы студенттік өмірімнің 3 айында болған айшықты оқиғаның бірі болып есте қалған кеш еді. Әрине, әлі де алда қызықты күндер күтіп тұрғанына сенімім мол!
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева
Мерейлі университет
- ramuk_b
- 19 сәуір 2023
- 558
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Студенттік өмір, ҚазҰУ, студент, абитурент, мамандық таңдау
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ – менің мақтанышым
Әр адам жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген әрі есте қаларлық оқиғаларға толы қызық шақтарды барынша жарқын және қарқынды өтуі тиіс...Менің студенттік өмірім
Студенттік өмір - бұл өмірдегі ең жарқын және қызықты кезең, жаңа мүмкіндіктердің уақы-ты, өз ортаңды тауып, дамитын шақ. Күн сайын жаңа нәрсені..."Мамандық таңдау: мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды таңдаймын"
Жастардың маңызды мәселелерінің бірі - мамандық таңдау. Дұрыс таңдалған мамандық жастарға өз қабілеттерін толық іске асыруға, шығармашылықпен жұмыс...Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.