Көрісу - татулық пен берекенің бастауы
Адам болмысын ашатын тіл қызметі, тіл арқылы берілген алғашқы түсінік таным деп аталады. Танымның басты міндеті – адамның танымы арқылы жасалатын, жасалған әлемнің тілдік бейнесін ашып беру. Таным ғылымы жалпы таным әрекетімен айналысса, танымдық тіл ғылымы танымның тілдегі көрінісімен, таныммен жасалған сөздік әлем бейнесімен айналысады. Тіл –– адам танымы нәтижесінде жинақталған ақпаратты арнайы белгілейтін, жеткізетін таным құралы, қолданыс құралы, тілдік таңба жүйесі. Тіл – сөз – арқылы адам танымы ашылса, таным арқылы әлем, дүние белгіленеді, адам болмысы көрінеді. Адам танымын оның сөзімен ашу арқылы тілдің, сөздің пайда болуы туралы дерек жинақталады, сөз өзегін құрайтын ұғымға қол жеткізіледі. Осы мақсатта жұмыс істейтін әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы аясында жұмыс істейтін «Тіл мен таным» атты мәдениетаралық қарым - қатынас клубы қазақ тілін үйреніп жатқан әлемнің түкпір - түкпірінен келген шетелдік азаматтарға қазақ ұлтының салт - дәстүрі, өнері, мәдениетінің ерекшеліктерін танытуға, қазақ ұлты туралы білімдерін толықтыра отырып, қазақ тілінде еркін сөйлетуге, тіл үйренушілерді тілдік ортамен қамтамасыз ету мақсатында көптеген іс - шаралар өткізіп келеді.
Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады» деп атап өткен болатын.
Міне, көктем мерекесіне орай, ата - баба дәстүрін жалғап, дәріптеу мақсатында қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз апталығы аясында көптеген мерекелік іс - шаралар мен «Амал мерекесі» деп аталатын «Көрісу күні» мерекесі ұлттық салт - дәстүрді жаңғырта отырып, жаңарған сипатта атап өткізілді.
Ұлыстың ұлы күніне орай «Тіл мен таным» клубының кезекті отырысында да «Көрісу - татулық пен бірліктің бастауы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шарада шетелдік азаматтарға көрісу, амал, наурыз мерекелерінің шығу тарихы таныстырылып, тойлану сипаты жайында слайд пен арнайы видео көрсетілді. Әр елден келген шетелдік азаматтар бір бірімен қол алысып, бір біріне тілектер айтты. Ұлыстың ұлы күні пісірілетін наурыз көже мен бауырсақ, тәттілер дайындалып, таратылды.
Кафедра оқытушыларымен бірге «Қара жорға» биін билеп, «Қазақы дастарқаным» әнін айтып, шетелдік азаматтар керемет мерекелік күйге бөленді. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деген мақалдың мағынасын түсіндіре отырып тілектер айтылып, бата берілді.
Р. И. Дүйсенбаева, Г. Ә. Машимбаева, М. П. Ешимов
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары
Көрісу - татулық пен берекенің бастауы
- ramuk_b
- 5 сәуір 2023
- 566
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Көрісу мерекесі, 14 наурыз, «Амал мерекесі», «Көрісу күні» мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз – халықаралық мейрам
Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...Наурыз айындағы ұлттық тәрбиелік іс - шаралардың маңызы зор
Жыл сайын көктемде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың барлық факультеттерінде жастарды рухани - адамгершілік және мәдени - эстетикалық тәрбиелеуге...Наурыз – халықаралық мейрам
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева...14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.