62 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды
12 сәуірде КСРО - да «Космонавтика күні» ретінде аталып өтілетін мереке өтті. Адамның ғарышқа алғаш ұшқанына 62 жыл толды (1961 жылы 12 сәуірде). Бұл күні «Восток» зымыран тасығышы ғарыш кемесін орбитаға алып ұшты. Юрий Гагарин ұшқан зымыранның ұшуы сәтті өтті. Ал ол қонғаннан кейін Юрий Гагарин бүкіл әлемге әйгілі болды. Сол кезде КСРО және оның социалистік саяси - экономикалық жүйесі өзінің мықтылығын дәлелдеуге барлық жағынан қадам жасады.
Алайда, қазіргі Илон Масктың және басқа жеке американдық ғарыштық компаниялардың, соның ішінде «SpaceX - тің» жетістіктері «Роскосмосты» қатты алаңдатып отыр. Масктың алғашқы зымырандары «Falcon 1» (2006 жылы ұшырылған) және үлкен «Falcon 9» (2010 жылы ұшырылған) мүмкіндігінше экономикалық тұрғыдан тиімділігі ескеріліп жасалған. Илонның мақсаты – бәсекелестердің зымырандарына қарағанда әлдеқайда арзан зымыран жасау болды. Содан кейін «Falcon Heavy» (2018 жылы) іске қосылды. Бұл зымыран өзіне ең жақын деген бәсекелестеріне қарағанда, жүкті орбитаға екі есе артық көлемде шығара алады және оның құны үш есе арзан болды.
Осыдан кейін, «SpaceX» «Super Heavy - Starship» жүйесін, одан да жетілдірілген нұсқасын жариялады. Ол жердегі қалалар арасында жылдам тасымалдауды және Ай мен Марста базалар салуды қамтамасыз етуге арналған еді. Сонымен қатар, «SpaceX» компаниясы «Dragon» ғарыш кемесін жасады. Ол жүктерді Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жеткізе алатын және бір мезетте жеті ғарышкерді алып ұша алатын болды.
Ресей Украинадан Қырым түбегін тартып алғанда, АҚШ Ресейге қарсы ауыр санкциялар һәм тыйымдар салды. Сол тұста Ресей үкімет басшысының орынбасары болған, беріде «Роскосмосты» басқарған Дмитрий Рогозин: «Біздің зымырандар болмаса, америкалықтар ғарышқа «батутпен» шығатын болады», - деген еді. Бірақ арада бірнеше жыл өткенде Илон Маск ресейлік Рогозиннің айтқанын өзіне еселеп қайтарды.
Илон Маск өзінің «SpaceX» жобасымен ғарыш кемесін және американдық ғарышкерлерді 2019 жылы наурыз айында автоматты түрде ғарышқа ұшырды. Енді АҚШ - тың Ұлттық аэроғарыш агенттігі NASA Ресейге тәуелділіктен құтылды. Ресей осыған дейін әрбір ғарышкердің ұшуы үшін 80 миллион доллар сұраған. Ал Илон Маск бұл тәуелділіктен құтылудың жолын ойлап тапты және Масктің зымырандарын көп мәрте пайдалануға болады.
Жуырда «SpaceX» пен «Tesla» компаниясының басшысы Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 185 миллиард долларға бағаланған. 2019 жылдың басында Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімнің алғашқы 50 - лігіне кірген. Оның дәулетінің күрт өсуі «Tesla» акцияларының өсуіне байланысты болды. Компания акцияларының бағасы тоғыз есеге көтерілді. Компанияның бағалы қағаздары бір акция үшін 799, 6 долларға саудаланады, ал капиталдандыру 757, 6 миллиард долларды құрады. Бұл ақшаға «Ford», «General Motors», «BMW», «Volkswagen», «Fiat», «Chrysler» сияқты автокөлік компанияларын сатып алуға болады. Тіпті одан бөлек, «Ferrari» сатып алуға да ақша қалады екен.
Ақпарат көздеріне сенсек, Маск ақшаның көп бөлігін Марста база құру үшін жұмсайды деп жоспарлапты. Бұл шын мәнінде солай болса таң қалатын жайт емес. Осыған дейін, Маскті АҚШ ғарыштық бағдарламасының ауқымды болмауы қынжылтса, сол олқылықтың орнын толтыру үшін ол «SpaceX» компаниясын құрды. Маск әлемдегі ең арзан ғарыштық зымырандарды жасау үшін бизнес ашты және қазір оның компаниясы жердегі ғарыштық зымырандардың 60 пайызын ғарышқа шығарады екен.
Маск сондай - ақ, адамзаттың жанармай (мұнайдан) отынынан алшақтауын тездеткісі келетіні жасырын емес. Соған байланысты ол әлемдегі жетекші электромобиль өндіруші «Tesla» компаниясын құрды. «Morgan Stanley» инвестициялық банкі өткенде (қазан айында) «SpaceX - ті» 100 миллион долларға бағалапты. Аталған компания ғарышқа ұшу нарығында ойын ережелерін өзгертті. Осылайша АҚШ - тың ғарыштық бағдарламасы жаңа серпін алды. 2020 жылы Масктің «Crew Dragon» ғарыш кемесі алты ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына ұшырды. Бұл АҚШ - тағы «Шаттл» бағдарламасы аяқталған 2011 жылдан бергі алғашқы ірі бағдарлама болды.
Роскосмостың ресейлік ғарыш саласын тізеден «көтеру» жөніндегі өршіл жоспарлары тағы да қағаз жүзінде қалды. Мемлекеттік корпорация екінші жыл қатарынан ғарышқа ұшыру жоспарын орындамай келеді. 2020 жылдың аяғында Ресей 16 ұшыруды жүзеге асырды, оның 7 - і Байқоңыр мен Плесецк космодромдарынан, біреуі — Восточный және біреуі — Куру. Соңғы нәтиже Роскосмос 2019 жылдың желтоқсанында жариялаған жоспардан үш есе төмен (кемінде 50 ұшыру) және соңғы 12 жылдағы ең нашар нәтиже болды.
ХХІ ғасырдың басынан бастап Ресей ғарышқа аз ұшыруды (15) тек 2008 жылы жүргізді. 2019 жылы Ресей 25 зымыран тасығышты ұшырды. Сонымен бірге, 2019 жылдың басында Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин 45 ғарыштық ұшыру жоспарын жариялады. 2019 жылдың тамызында Рогозин жоспарды 40 ұшырылымға дейін қысқартты, бірақ ол да орындалмады. Өткен жылы Роскосмосқа жаңа санкциялар соққысы әкелді: француз компаниялары мемлекеттік корпорацияға жол жүретін вакуумдық түтіктер беруден бас тартты.
Желтоқсан айында АҚШ - ның Сауда министрлігі Ресейге экспортталатын технологияларды, оның ішінде «ЦНИИМаш» АҚ (Роскосмостың бас институты) мен «Союз» зымыран - тасығыштарын 1960 жылдардан бері шығарып келе жатқан «Прогресс» зымыран - ғарыш орталығы санкциялар тізімінде шектеулерді кеңейтті. «Роскосмос импорттық тәуелсіздікке 2025 жылға дейін толықтай қол жеткізуді жоспарлап отыр», — деді Рогозин қазан айында.
Былтыр 6 қаңтарында «Московский комсомолец» газетінде «Роскосмос побил рекорд по новогодним сказкам о покорении Луны» атты мақала жарияланды. Сонда мынадай сын сөздер айтылды: «Во времена Королева и Гагарина наш космос вызывал совсем другие ассоциации — гордость за страну, воодушевление. Сотни тысяч мальчишек и девчонок хотели стать космонавтами или создателями космической техники. И многие становились, благодаря чему во многом космонавтика и развивалась. Сюжеты для новых анекдотов Роскосмос, кстати, нередко дарит сам. То предложит красить придуманные еще Королевым ракеты под гжель и хохлому. То вдруг займется приватизацией гагаринского «Поехали!». То предложит космическую высотку построить в центре Москвы. И ладно, если бы Роскосмос занимался всем этим между делом. А то ведь настоящих дел – кот наплакал.
Вот подсчитали, например, статистику космических запусков в прошлом году, и оказалось, что Россия, которая когда - то прочно занимала первое место в мире по этому показателю, прочно съехала на третье. Впереди США и Китай. Если лет 15 - 20 назад наши космические ракеты стартовали раз 30 - 40 в год, то в 2020 году – всего 17. Антирекорд за всю современную историю российской космонавтики. Столько СССР запускал в начале космической эры. В 2018 году Россия запустила 20 космических ракет, а в 2019 - м – 25. Глава Роскосмоса Дмитрий Рогозин год назад обещал, что в 2020 году количество пусков будет больше, чем в 2019 году. «Не хочу называть конкретные цифры, иначе потом в прессе напишут: «Рогозин сказал, Рогозин заявил», — сказал он в феврале 2020 года. Вот с этим он угадал. Не зря окончил журфак МГУ. В апреле, к слову, на совещании у Путина Рогозин говорил о 33 пусках в 2020 году. Получилось в два раза меньше плана.
В принципе, по поводу уменьшения количества запусков можно было бы особо не переживать. Дело в том, что на пусковые услуги, то есть на выведение космических аппаратов с помощью ракет на разные орбиты, приходится лишь незначительная часть мировой космической индустрии – процентов 5 - 10. Основные сегменты мирового космического бизнеса, который оценивается в сотни миллиардов долларов США, это – производство космических аппаратов, а также продажа спутникового телекоммуникационного ресурса и космических снимков. Но в том - то и беда, что во всех этих ключевых сегментах доля России – мизерная. США имеют на орбите свыше 1300 работающих спутников, Китай – свыше 360, Евросоюз – порядка 180, Россия – примерно 160, Великобритания – 130, Япония — 76, Индия – под 60, Канада – 40. Свои спутники на орбите имеют уже несколько десятков стран, и число их растет. К примеру, у Азербайджана несколько телекоммуникационных спутников, а также спутников наблюдения. Построены они, кстати, не в России и запущены не российскими ракетами.
Основная часть работающих на орбите спутников построена тремя - четырьмя американскими и европейскими космическими корпорациями. Им и досталась основная прибыль. Россия строит спутники в основном для себя. Опыты со строительством спутников для других стран, например, для Анголы, Казахстана или Белоруссии, чаще заканчивались неудачей. Срок службы американских или европейских спутников — 15 - 20 лет, наши служат раза в два меньше. Все из - за того, что пока нам не удается освоить производство радиационностойкой микроэлектроники. В результате аппаратура чаще выходит из строя.
Наиболее дорогими считаются мощные телекоммуникационные спутники, запускаемые на геостационарную орбиту высотой примерно 36 тыс. км. Эта орбита синхронизирована со скоростью вращения Земли вокруг своей оси. Спутники на ней все время «висят» над одним районом, что позволяет круглосуточно ретранслировать телекоммуникационные сигналы на территорию с десятками, а то и сотнями миллионами жителей. Стоимость одного аппарата – сотни миллионов долларов США. Всего на этой «золотой» орбите 200 - 300 спутников. При этом у России – менее десятка. А, к примеру, спутниковый оператор из Люксембурга – компания SES – имеет более 20 аппаратов на геостационарной орбите. Не говоря уже о других операторах из США или Европы. Вот и получается, что страна, некогда открывшая человечеству дорогу в космос, скатилась в разряд третьестепенных космических держав».
Ресей үкіметі 2022 - 2024 жылдарға арналған федералды бюджет жобасында ғарыш саласын қаржыландыруды күрт қысқартуды белгіледі. Келесі 2022 жылы «Ресейдің ғарыштық қызметі» мемлекеттік бағдарламасына бөлінетін қаржының жалпы көлемі Мемлекеттік Думаның бірыңғай деректер базасында жарияланған бюджет туралы заң жобасының түсіндірме жазбасынан туындайды. 2021 жылғы бюджетте бөлінген 250, 6 миллиард рубльге қатысты ғарыштық бюджеттің 16 пайызға секвестрленуі бір реттік емес, алдағы үш жылдық кезеңнің шешімі ретінде ойластырылды. 2023 жылдың бюджетінде мемлекеттік ғарыш бағдарламасын қаржыландыру 209, 6 миллиард рубльді құрайды, ал бір жылда - 209, 8 миллиард рубль болады.
Керімсал Жұбатқанов
62 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды
- ramuk_b
- 2 сәуір 2023
- 616
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ғарышты игеру дәуірі, 12 сәуір ғарышкерлер күні, Ю. Гагарин
Ұқсас жаңалықтар:
Рогозин Илон Маскты «мурло» деп атады және АҚШ - тың зымыран қозғалтқыштары ...
Батыстың санкцияларына жауап ретінде Ресей АҚШ - қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтатып, Халықаралық ғарыш стансасында ғылыми тәжірибелер...2021 жылы 10 Falcon 9 зымыраны 31 рет ұшырылды
2021 жылы Space X ауыр Falcon 9 зымыранының 10 бірінші кезеңі 31 рет ұшырылды, деп жазады NASASpaceFlight. com....Space X өндірістік проблемаларға байланысты банкроттықтың алдында тұр - Мас ...
SpaceX негізін қалаушы Илон Маск өз қызметкерлеріне электронды хат жолдады, онда ол Raptor зымыран қозғалтқыштарын әзірлеудегі нашар прогреске...Space X бір уақытта 143 - тен астам жер серігін ұшырып, космонавтикада реко ...
Американдық Falcon 9 зымыран тасығышының орбитаға рекордтық саны - 143 жалпы салмағы 5 тоннадан астам жер серігі ұшырылды. Ұшыру ғарышкерлік...Илон Маск – әлемдегі ең бай адамға айналды
Space X пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 185 миллиард долларға бағаланған....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.