Танымдық бағыттағы шаралардың маңызы
Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында бір үйдің баласындай білім алуда. Қазіргі кезде шетелдік студенттерге білім бере отырып, оқу белсенділігін арттыру арқылы талабын қанағаттандыру, қазақ халқының салт - дәстүрін, тарихын меңгерту арқылы рухани байлығы мен қабілетін дамыту және қазақтың тарихи мұра жәдігерлерімен таныстыру арқылы жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыру кафедра оқытушыларының алдында кезек күттірмейтін іске айналып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанның тарихи, киелі орындарымен таныстыру мақсатымен танымдық бағыттағы іс - шаралар жүзеге асырылып отырады. Танымдық бағыттағы шараларды ұйымдастырудағы мақсаты шетелдік студенттерге заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды кеңінен таныстыру болып табылады. Шетелдік студенттерге бейнематериалдар көрсете отырып, оқытушылар мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орындарға соның ішінде: Арыстан баб кесенесіне, Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнына, көне құмырашылар шеберханасына тоқталып, студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, оқытушылар еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы әрі Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласына, XV ғасырда Қ. А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесіне, жер асты мешітіне, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерге аудиторияның назарын аударады.
Қазақстандағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен, оның пайда болу тарихымен таныстыра отырып, жастарды ұлттық салт - дәстүрімізді, әдет - ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде осындай ғылыми - танымдық шаралардың маңыздылығы зор болып табылады.
Бұл қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы студенттердің тарихи - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, сонымен бірге студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы шара болып табылады. Студенттердің Қазақстанның тарихы және мәдениеті туралы білімдерін тереңдетуде өткізіліп отыратын танымдық бағыттағы шаралардың маңыздылығы ерекше зор.
А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Танымдық бағыттағы шаралардың маңызы
- ramuk_b
- 20 қазан 2025
- 20
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстандағы ежелгі, тарихи, киелі орындар
Ұқсас жаңалықтар:

Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі
Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде бір үйдің...
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...
Тарихы терең Түркістан
Қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи - мәдени білімдерін көтеру және ой - танымын...
Тәрбиелік іс - шаралардың маңыздылығы
Шетелдік студент жастарға өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады....
Тәрбиелік шаралардың рөлі
Кемелді болашақ кепілі білім болып табылады. Елімізде білім беру саласы алға жылдам ұмтылып, қарқынды дамып келеді. Білім беруде, ғылымға баулуда...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.