Халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция өтті
Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың лингвометодикалық білім беру платформасы: тәжірибе және даму траекториялары» атты халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция өтті.
Шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін оқытушы алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі керек. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Мұндай кәсібилікке бірден бір себеп болатын орта – кафедра. Қырық жылға жуық уақыттан бері шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ғылыми базасы дамып, қасиетті қарашаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатты. Бұл халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Конференцияның мақсаты – қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың қазіргі жайы мен болашағын талқылау, пікір алмасу, кәсіби қолдау көрсету.
Конференцияға Қазақстанның Алматы, Астана, Тараз, Шымкент қалаларының университеттерінен сонымен бірге шетелден Жапония, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Иран елдерінің университеттерінен білікті де білгір мамандар қатысты. Бұл конференцияда көптеген ауқымды тақырыптар қамтыла отырып, бірнеше бағыттар бойынша ғылыми - әдістемелік талқылаулар жасалды.
Конференцияда қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде шетелдік тіл үйренушілерге оқытудың тиімді жақтары, шетелдік тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетін, ғылыми пайымдауға үйрету қажеттігі, осы бағытта дайындалған оқулық, оқу құралдарының сапасы, пәннің мазмұны, кәсіби бағдарлық оқытудың жүзеге асу жолдары сөз болды. Барлық конференцияға қатысушылар рет - ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Педагогтар, ғалымдар, тіл мамандары жиын барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, мастер - класс көрсетіп, ой - пікір алмасты. Осылайша конференция барысында осындай өзекті де ауқымды мәселелер талқыланып, мамандар өз пікірлерін білдірді. Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. Белсенді және өз іс - тәжірибесімен бөліскен қатысушыларға Сертификаттар және Алғыс хаттар табысталды.
А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Халықаралық ғылыми - әдістемелік конференция өтті
- ramuk_b
- 15 наурыз 2023
- 576
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Халықаралық конференция, Қазақстандағы қазақ және орыс тілдері
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...Онлайн дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...Дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...Әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.