Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Шетелдік студент жастарға факультет туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады. Шетелдік студенттер әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушылары туралы алғыс пікірлерін білдіріп отырады. Барлық кезде алған білімдерінің арқасында достық, қуаныш және жалпы өзара түсіністік лебі көрініп тұрады.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс - шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Әр жыл сайын кафедраның студенттері университеттің үлкен іс - шараларында өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерімен қуантады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар - жастарды азаматтық және рухани - адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттерінде бірнеше ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар ашық тәрбиелік іс - шаралар өткізіліп отырады. Бұл жобаларды жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды студенттерге кеңінен таныстыру.
Еліміздегі тарихи - мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу секілді жобалар аясында түрлі іс - шараларды жүзеге асыруда университет факультеттеріндегі клубтар мен орталықтар белсенді жұмыс істейді.
Өткізілген ғылыми - танымдық шаралар студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосып отырады.
Факультетте өткізілетін іс - шара, мереке, кештерде студенттер өздерінің алған білімдерімен, өнерлерімен таныстырады. Іс - шаралар барысында өлеңдер оқылып, әндер орындалады, дәстүрлі көріністер көрсетіледі.
Студенттер танымдық - мәдени іс - шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс - шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
- ramuk_b
- 16 қазан 2022
- 538
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Білім мен мәдениет, тәрбиелік шаралардың рөлі, Салауатты өмір
Ұқсас жаңалықтар:
Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі
Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде бір үйдің...Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше....Мерейлі кафедраға 35 жыл
Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.