Саяси жаңғыру бағдары.
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты Жолдауында президент жаңа әділетті қоғам құруға бет бұрған, қазақстандықтардың көңілінде, жүрегінде жүрген ең өзекті сауалдарына нақты жауабын бере отырып, тиісті құрылымдарға мерзімдері көрсетілген нақты тапсырмалар берді.
Президент елдің экономикасын, әлеуметтік салаларын дамыту, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін материалдық - техникалық әлеуметтік нығайту, заманауи жабдықтармен жабдықталған ауруханалар, мектептер салу, оларды білікті мамандармен қамтамасыз ету, сәбилер мен оқушыларға жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, ең төменгі айлық жалақының мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру ұлттық қордың инвестициялық табысынан түскен қаражаттың 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балалардың есебіне аудару, су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, игерілмеген жерлерді қайтару, 100 мың азаматты жұмысқа орналастыру, жас кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру, студенттер жатақханасының мәселесін шешу туралы ой пікірлер мен ұсыныстарын айтты. Қаңтар оқиғасына қатысқанына, өздерінің заң бұзғандарына өкініп жүргендерге бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанын жария етті, сонымен қатар кейбір қылмыс түрлерімен белсенді күрес жүргізуге шақырды.
Мемлекет басшысы биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Осының бәрі бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы, яғни бұл Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі
Қасымжомарт Тоқаев Жолдауында айтылған, көтерілген мәселелердің барлығы Жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды құруға қажетті экономикалық, әлеуметтік, құқықтық реформаларды жылдам жүргізуге бағытталған нақты бағдар, сондықтан да біз оларды қолдаймыз
Жолдауда айтылған бастамалар мен жүктелген тапсырмалар елдің тұрақты дамуына кепіл болмақ.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
кафедрасының аға оқытушысы Р. Дүйсенбаева
Саяси жаңғыру бағдары
- ramuk_b
- 6 қыркүйек 2022
- 1415
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Саяси жаңғыру бағдары, президент жолдауы, пікір, қолдау
Ұқсас жаңалықтар:
Жолдаудағы мақсаттарды орындау үлкен жауапкершілік жүктейді
2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі саяси¬ оқиғалардың ең маңыздысы...Жолдау жүктеген маңызды міндет
Президент Қасым - Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы...Сапалы білім – болашақ кілті
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін президент Жолдауының бұл жолы 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа -...Президент жолдауы туралы пікір
Әлемдік тәртіптің дамуындағы өзгерістерге, тұтастай алғанда, сондай-ақ еліміздің дамуына, атап айтқанда, халыққа, елдің әлеуметтік белсенді...2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 процентке өседі
2020 жылдан бастап қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 25 процентке өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтты....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.