Сайтқа кіру Тіркелу

2021 жылы 10 Falcon 9 зымыраны 31 рет ұшырылды

2021 жылы 10 Falcon 9 зымыраны 31 рет ұшырылды

2021 жылы Space X ауыр Falcon 9 зымыранының 10 бірінші кезеңі 31 рет ұшырылды, деп жазады NASASpaceFlight. com. Басылым зымыранның бір бірінші сатысы орта есеппен 3, 1 рет пайдаланылғанын атап өтті. Бірінші кезеңнің ең көп басталу саны – он бір.
Жерге 31 Falcon 9 ұшырылымының бірінші кезеңі 30 рет сәтті оралды. Тасымалдаушының пайдаланылған бірінші кезегінің жаңа ұшырылымына дайындық уақыты 27, 2 күнге дейін қысқарды. Желтоқсан айында Space X - тің Falcon 9 зымыранының бірінші кезеңі, желтоқсан айында Dragon жүк кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшырылғаннан кейін 100 - ші қонды.
Қазіргі Илон Масктың және басқа жеке американдық ғарыштық компаниялардың, соның ішінде «Space X - тің» жетістіктері «Роскосмосты» қатты алаңдатып отыр. Масктың алғашқы зымырандары «Falcon 1» (2006 жылы ұшырылған) және үлкен «Falcon 9» (2010 жылы ұшырылған) мүмкіндігінше экономикалық тұрғыдан тиімділігі ескеріліп жасалған. Илонның мақсаты – бәсекелестердің зымырандарына қарағанда әлдеқайда арзан зымыран жасау болды. Содан кейін «Falcon Heavy» (2018 жылы) іске қосылды. Бұл зымыран өзіне ең жақын деген бәсекелестеріне қарағанда, жүкті орбитаға екі есе артық көлемде шығара алады және оның құны үш есе арзан болды.
Осыдан кейін, «Space X» «Super Heavy - Starship» жүйесін, одан да жетілдірілген нұсқасын жариялады. Ол жердегі қалалар арасында жылдам тасымалдауды және Ай мен Марста базалар салуды қамтамасыз етуге арналған еді. Сонымен қатар, «Space X» компаниясы «Dragon» ғарыш кемесін жасады. Ол жүктерді Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жеткізе алатын және бір мезетте жеті ғарышкерді алып ұша алатын болды.
Ресей Украинадан Қырым түбегін тартып алғанда, АҚШ Ресейге қарсы ауыр санкциялар һәм тыйымдар салды. Сол тұста Ресей үкімет басшысының орынбасары болған, беріде «Роскосмосты» басқарған Дмитрий Рогозин: «Біздің зымырандар болмаса, америкалықтар ғарышқа «батутпен» шығатын болады», - деген еді. Бірақ арада бірнеше жыл өткенде Илон Маск ресейлік Рогозиннің айтқанын өзіне еселеп қайтарды.
Илон Маск өзінің «SpaceX» жобасымен ғарыш кемесін және американдық ғарышкерлерді 2019 жылы наурыз айында автоматты түрде ғарышқа ұшырды. Енді АҚШ - тың Ұлттық аэроғарыш агенттігі NASA Ресейге тәуелділіктен құтылды. Ресей осыған дейін әрбір ғарышкердің ұшуы үшін 80 миллион доллар сұраған. Ал Илон Маск бұл тәуелділіктен құтылудың жолын ойлап тапты және Масктің зымырандарын көп мәрте пайдалануға болады.
Жуырда «Space X» пен «Tesla» компаниясының басшысы Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 185 миллиард долларға бағаланған. 2019 жылдың басында Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімнің алғашқы 50 - лігіне кірген. Оның дәулетінің күрт өсуі «Tesla» акцияларының өсуіне байланысты болды. Компания акцияларының бағасы тоғыз есеге көтерілді. Компанияның бағалы қағаздары бір акция үшін 799, 6 долларға саудаланады, ал капиталдандыру 757, 6 миллиард долларды құрады.
Бұл ақшаға «Ford», «General Motors», «BMW», «Volkswagen», «Fiat», «Chrysler» сияқты автокөлік компанияларын сатып алуға болады. Тіпті одан бөлек, «Ferrari» сатып алуға да ақша қалады екен. Ақпарат көздеріне сенсек, Маск ақшаның көп бөлігін Марста база құру үшін жұмсайды деп жоспарлапты. Бұл шын мәнінде солай болса таң қалатын жайт емес. Осыған дейін, Маскті АҚШ ғарыштық бағдарламасының ауқымды болмауы қынжылтса, сол олқылықтың орнын толтыру үшін ол «Space X» компаниясын құрды. Маск әлемдегі ең арзан ғарыштық зымырандарды жасау үшін бизнес ашты және қазір оның компаниясы жердегі ғарыштық зымырандардың 60 пайызын ғарышқа шығарады екен.
Маск сондай - ақ, адамзаттың жанармай (мұнайдан) отынынан алшақтауын тездеткісі келетіні жасырын емес. Соған байланысты ол әлемдегі жетекші электромобиль өндіруші «Tesla» компаниясын құрды. «Morgan Stanley» инвестициялық банкі өткенде (қазан айында) «SpaceX - ті» 100 миллион долларға бағалапты.
Аталған компания ғарышқа ұшу нарығында ойын ережелерін өзгертті. Осылайша АҚШ - тың ғарыштық бағдарламасы жаңа серпін алды. 2020 жылы Масктің «Crew Dragon» ғарыш кемесі алты ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына ұшырды. Бұл АҚШ - тағы «Шаттл» бағдарламасы аяқталған 2011 жылдан бергі алғашқы ірі бағдарлама болды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Space X өндірістік проблемаларға байланысты банкроттықтың алдында тұр - Мас ...

Space X өндірістік проблемаларға байланысты банкроттықтың алдында тұр - Мас ...

SpaceX негізін қалаушы Илон Маск өз қызметкерлеріне электронды хат жолдады, онда ол Raptor зымыран қозғалтқыштарын әзірлеудегі нашар прогреске...
Илон Маск - 21 ғасырдың басындағы адамзаттың техникалық данышпаны

Илон Маск - 21 ғасырдың басындағы адамзаттың техникалық данышпаны

Маск 1971 жылы Оңтүстік Африкада дүниеге келген. Қазір ол үш елдің бай, табысты азаматы: Оңтүстік Африка, Канада және АҚШ. Илон өзінің талантын бала...
Space X бір уақытта 143 - тен астам жер серігін ұшырып, космонавтикада реко ...

Space X бір уақытта 143 - тен астам жер серігін ұшырып, космонавтикада реко ...

Американдық Falcon 9 зымыран тасығышының орбитаға рекордтық саны - 143 жалпы салмағы 5 тоннадан астам жер серігі ұшырылды. Ұшыру ғарышкерлік...
Илон Маск – әлемдегі ең бай адамға айналды

Илон Маск – әлемдегі ең бай адамға айналды

Space X пен Tesla компаниясының басшысы Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 185 миллиард долларға бағаланған....
Space X Халықарлық Ғарыштық Станциясына алғашқы тұрақты миссиясын жіберді

Space X Халықарлық Ғарыштық Станциясына алғашқы тұрақты миссиясын жіберді

Илон Масктың Space X компаниясы өзінің алғашқы тұрақты миссиясын Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) жіберді...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×