Сайтқа кіру Тіркелу

Денсаулық – салауатты өмір кепілі

Денсаулық – салауатты өмір кепілі

Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.
Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік жағдай кезінде де елімізде білім беру саласы жұмысын тоқтатпай жалғастыруда.
Әсіресе, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде қашықтан білім берумен қатар, шетелдік студенттермен онлайн форматында рухани - танымдық іс - шаралар өткізіліп отырады. Шетелдік студенттер үшін арнайы онлайн түрінде «Денсаулық – ең басты құндылық», «Салауатты өмір салты», «Тазалық – денсаулық кепілі» секілді тақырыптарда тәрбиелік іс - шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп отырады.
Шетелдік студенттер табиғатты адам тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды, салауатты өмір салтын ұстануды сөз ете отырып, барлық ұлттарды толғандырып отырған, барлық азаматтардың денсаулықтары мен рухани саулықтары ойландыратын, қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты әлемде және елде жарияланған төтенше жағдайында тазалық сақтау, вакцина салдыру, карантин аяқталғанша сақтық ережелерін сақтау туралы мәліметтермен танысып, ойларымен бөлісіп отырады.
Осындай іс - шараларда баяндамалар жасалып, адамның денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керектігін, дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кірісетіні жайында баяндалып, студенттер көтерілген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қоя отырып, осындай денсаулық тақырыбына арналған онлайн түріндегі іс - шараларға шетелдік студенттер белсене қатыса отырып, меңгерген білім деңгейлерін көрсете алады.
Сонымен бірге, шетелдік студенттердің әлеуметтік өмірін жақсарту, бос уақыттарын тиімді қолдану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу мақсатында факультетімізде көптеген іс - шаралар атқарылып келеді.
Факультетте күнделікті сабақтардан бөлек волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат ойындары ұйымдастырылып отырады. Студенттердің спортқа деген қызығушылығы өте жоғары. Салауатты өмір салтын арттыруда жастарды спортқа баулудың маңызы зор!

Т. В. Курманова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – зор байлық

Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және...
Денсаулық – ең басты құндылық

Денсаулық – ең басты құндылық

Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты елде жарияланған төтенше жағдай кезінде де елімізде білім беру саласы жұмысын тоқтатпай жалғастыруда....
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×