Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан Республикасының жаңа тарихымен танысамыз

Қазақстан Республикасының жаңа тарихымен танысамыз.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелден келген студенттерді қазақ және орыс тілдеріне оқытумен айналысады. Кафедрада жұмыс істейтін оқытушылардың шетелдік тыңдаушылармен жұмыс істеу тәжірибесі мол. 35 жыл бойы кафедра жұмысының негізгі бағыты орыс және қазақ тілдерін шетел тілі ретінде оқыту болып табылады.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері дәстүрлі түрде олар үшін Қазақстан туралы жаңа ақпаратты: еліміздің тарихы мен бүгініне қатысты барлық ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Күзгі семестр кезінде оқытушылар дәстүрлі түрде әр түрлі форматтағы іс - шаралар өткізеді. Онда шетелдік студенттерге мемлекеттің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы айтылады.
2021 жыл - біздің еліміз үшін айрықша жыл: 30 жыл бұрын 1991 жылы тәуелсіздік жарияланып, бүкіл Қазақстан халқының тарихында жаңа дәуір басталды.
Қарашаның және желтоқсанның атаулы күндері қарсаңында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары қазақ және орыс тілдерінде елтану іс - шараларын өткізді, онда тыңдаушыларға біздің еліміз туралы айтылды. Сөз "Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы", "Еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев", "Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері", "Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері" тақырыптарында дөңгелек үстелдер, кураторлық сағаттар туралы болып отыр. Шаралар атаулаыр өздері үшін айтады.
Айта кету керек, шетелдік аудитория (ал биылғы оқу жылында Ауғанстан, Иран, Қытай, Корея, Түркиядан келген жастар) жоғарыда аталған тақырыптарға қатысты ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады. Іс - шаралар форматы (онлайн және офлайн) тыңдаушыларға еліміздің даму кезеңдерін суреттейтін фотосуреттерді, құжаттарды көрсетуге мүмкіндік берді. Шетелдік студенттердің қызығушылығының дәлелі мұғалімдердің әңгімесі барысында қойылған көптеген сұрақтар болды.
Осындай іс - шаралар аудиторияның білімін толықтыра отырып, тұтастай алғанда мемлекеттің, сондай - ақ оның көпұлтты халқының жағымды имиджін жасай отырып, шетелдіктердің оқу елі туралы түсінігін неғұрлым толық және сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

А. Қ. Ахмедова
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасының
аға оқытушысы
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Университетте кездесейік!

Университетте кездесейік!

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

2020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×