Әл - Фараби – ғұлама ғалым
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік тыңдаушылар үшін онлайн форматта тәрбиелік іс - шара өткізуде. Оның мақсаты шетелдік тыңдаушыларды қазақ елінің тарихымен, жерімен, климатымен, кен байлығымен, қазақ даласында дүниеге келген ұлы да атақты тұлғалармен таныстыру болып табылады. Солардың бірі де бірегейі – Әбу Насыр әл - Фараби. Осындай тақырыпты қамтыған тәрбиелік әрі танымдық мағынадағы іс шараны кафедра оқытушылары жуырда онлайн форматта өткізді. Іс - шараның тақырыбы «әл - Фараби – ғұлама ғалым».
Кафедра оқытушылары пандемия кезінде осы оқу жылына жоспарланған тәрбиелік, ғылыми т. б. бағыттағы шараларды онлайн форматта жүргізуде. Жоғарыда айтылған тақырып аясында оқытушылар шетелдік тыңдаушыларға өздері оқитын университеттің атымен аталатын ғалымның, ұлы ойшылдың өмірі және шығармашылық жолымен таныстырып өтті.
Оқытушылар әрбір шараны ұйымдастырып өткізуде белгілі бір тақырып таңдап алып, айтылатын баяндамадағы жаңа сөздермен алдын ала жұмыс істеп, қиындық туғызатын сөз тіркестерін сөздік арқылы аударып, мәнмәтіндегі мағынасына назар аудартып, тыңдаушыларды баяндама тыңдауға дайындап алады.
Онлайн форматта өткен тәрбиелік мәндегі іс - шарада кафедра оқытушылары Әбу - Насыр Әл - Фараби философия, медицина, психология, музыка, физика, астрономия, ботаника, лингвистика және т. б. ғылымдарды оқып, зерттеп, еңбектер жазып әлемге танылғандығы, сонымен қоса оның ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра ретінде өтіп келе жатқандығы және де ұлы ойшылдың ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосқаны, әртүрлі ғылым саласына байланысты 150 жуық еңбектер жазып, артына өшпес мұра қалдырғандығы туралы әлемнің түкпір - түкпірінен келген шетелдік тыңдаушыларға жеңіл әрі түсінікті түрде айтып берді.
Тыңдаушылар назарына ұсынылған тақырып төңірегінде кафедра оқытушылары тағы да ғұлама ғалым туралы біраз деректерге тоқталып өтті. Мысалы, оның медицина туралы жазған еңбектері болашақта медицинаны дамытуға үлкен әсер етті. Көптеген ғалымдар оның теорияларын алға тартып дамытты. Атақты медицина ғалымы Ибн Сина (Авиценна) солардың бірі болды. Авиценна Фарабиді өзінің ағартушы тәлімгері деп атауға мақтанған. Сонымен бірге аты әлемге әйгілі ғұламаның «Химия өнерінің қажеттігі жайлы», «Философиялық сұраулар және оған жауаптар», «Бақытқа жету туралы», «Ақылдың мәні туралы», «Әріптер туралы кітап», «Геометриялық трактат» сынды еңбектерінің біраз тілге аударылғандығына да тоқталып, бұл еңбектердің қазіргі уақытта да өзектілігін жоймағандығы жайлы айтып, т. б. мәселелерге тоқталып өтті.
Шараны өткізуде оқытушылар айтылған әрбір сөз бен ойлар түсінікті әрі мағыналы болуы үшін бейнематериалдар, суреттер және де т. б. көрнекі құралдар пайдаланды. Шара Skype платформасында өтті.
Жоспар бойынша өткізілген тәрбиелік іс - шара өз алдына қойған мақсат - міндетіне қол жеткізді.
Тәрбиелік әрі танымдық мағынадағы іс - шаралар шетелдік тыңдаушылардың лексика - грамматикалық бағыттағы алған білімдерін нығайтып, шыңдап, одан әрі дамытуға септігін тигізері сөзсіз!
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары
Ешимов М. П., Азнабакиева М. А., Дүйсенбаева Р. И.
Әл - Фараби – ғұлама ғалым
- ramuk_b
- 15 қараша 2020
- 1128
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әл-Фараби, ғұлама ғалым, ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті
2020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік...Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...«Тіл - біздің тұтастығымыз»
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті
Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.