Кіру
Жабу

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Жаңалықтар

Мерейлі кафедраға 35 жыл
Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген оқу ордасы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның мақтанышына айналды.
1934 жылы негізі қаланған әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бүгінгі күні Қазақстан білімі мен ғылымының жоғары білім беру ісінің ең ірі орталығы болып отыр.
Биылғы жылы өзінің 35 жылдық мерей тойын тойлап отырған, 1985 жылы қазақ елінің белді қайраткері, академик Ө. А. Жолдасбековтің бастамасымен ашылған шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультетінің де университеттің халықаралық байланысын жетілдіруге, Еуропалық білім беру кеңістігіне енуге қосқан толағай үлесі бар. Дайындық факультеті негізінде 2011 жылы Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті болып, құрамы шетелдік азаматтарға қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытатын Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы және шетелдерден келген, ұлты қазақ жастарға мемлекет қаржысы арқылы тегін оқуға дайындайтын ЖОО - дейінгі дайындық кафедрасы, колледж, бейінді мектеп болып толықты.
Шетел азаматтарына арналған шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Ресейдің, Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Лаос, АҚШ, Жапония секілді шетелдерде жұмыс істеген және тәжірибеден өткен 4 филология ғылымдарының докторы, 14 филология ғылымдарының кандидаттары, жоғары маманданған оқытушылар, қазақ және орыс тілдері мамандарының құрамы жұмыс істейді.
Қазіргі кезде кафедрада шетелдік азаматтарға тіл үйрете отырып, оқу белсенділігін арттыру арқылы талабын қанағаттандыру, қазақ халқының салт - дәстүрін, тарихын меңгерту арқылы рухани байлығы мен қабілетін дамыту және қазақтың тарихи мұра жәдігерлерімен таныстыру арқылы жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыру кафедра оқытушыларының алдында кезек күттірмейтін іске айналып отыр.
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларын насихаттай отырып Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Университетте «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда.
Осы аталған жобалар аясында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен көптеген ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс - шаралар өткізіліп отырады.

Р. Дүйсенбаева
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының аға оқытушысы

Ұқсас сабақтар

Пікірлер (0)

Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Бөлімдер

Яндекс.Метрика
×