Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағыналары, сөздік құрам туралы білімдерінің қай деңгейінде екендігін тексеру
Білімділігі: Халықтық педагогикамен, ауыз әдебиетімен сабақтастыра отырып, лексикадан өткенді қайталау, еске түсіру, жүйелеу.
Дамытушылығы: Әр оқушының өз ойын көркем, бейнелі түрде жеткізе білу, тез ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ата - бабамыздың мол мұрасын, бай дәстүрін құрметтеуге, алғырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ - жауап, топтық, жеке жұмыстар, білім жарысы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері
Көрнекілігі: ертегі бойынша суреттер, кесе қағаз, перфокарта
Сабақтың жүрісі:
1) Ұйымдастыру..
2) Үй тапсырмасы: Лексикадан өткенді қайталау
Кіріспе сөз: Оқушылар, біз Лексика деген үлкен тараумен таныстық. Сөз, оның тура, ауыспалы мағыналары, омоним, синоним, антонимдер, сөздік құрам оған енетін сөздерді оқып білдік,
үйрендік. Бүгінгі сабақта соны еске түсіріп, қайталаймыз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз.
Ι топ - Білгірлер
ΙΙ топ – Тапқырлар
«Бетпе - бет» студиясы. Екі топтың оқушылары бір - біріне өткен сабақ бойынша сұрақтар
қояды, сайысады
Мұғалім: Сендер білесіңдер, біз әдебиеттен көптеген ертегілер оқыдық. Соның бірі «Ер Төстік» ертегісі. Бекторының жалмауызынан қашқан Төстік жер асты еліне түсіп кетеді. Оның жер бетіне шығуына көмектесіп, ертегі кейіпкерлерінің қойған шарттарын орындауымыз керек.
Сайыс шарттары:
1). Деңгейлі тапсырма
2). Семантикалық қарта
3). Бес жол өлең
4). Оқулықпен жұмыс
5). «Еркін жазу» стратегиясы
6). «Кім шапшаң»
7). Венн диаграммасы
1) «Төстік» - Деңгейлі тапсырма
Ι - деңгей. Махамбет өлеңдерінің ішінен көнерген сөздерді, синоним, антонимдері табу
1. Кеше біз зынданда жатып құбылдық,
Қамалған көп дұшпанға қор болдық,
Терезеден телміріп,
Ағайын мен туғанды
Бір көруге зар болдық.
2. Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай
3. Беркініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай
Білтеліге оқ салмай,
Қорамсаққа қол салмай
4. Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар
Хан ұлымен қас болып,
Қара ұлымен дос болып
5. Артымыздан келіп қол жетті
Аз жетпеді, мол жетті
6. Садағына сары жебе салдырған
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған
Тереңнен көзін ойдырған
ΙΙ деңгей Мәтін қай ғылымға тән, терминдерді тап
1) Дәптеріңе О нүктесін белгіле. Центрін О нүктесі етіп, шеңбер сыз. Шеңбердің радиусын өлшеп жаз. Диаметрі неге тең?
2) Ғылымдар планетамыздағы мұхит, теңіз, өзен, көл, жер асты суы мен ауадағы суларды гидросфера деп атайды.
3) Живопись мынандай жанрларға бөлінеді: Натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық картина. Сурет салу үшін акварель мен гуашь қолданады.
4) Орама жіпті машинаның жіп қоятын тұғырына қой. Ысырмалы пластинаны ашып, ширік қалпағын ал
5) Жеке таптық қоғамдар мен мемлекеттерде ру - тайпалық қатынастар ұзақ сақталады. Оны Азияда өмір сүрген скифтер мен ғұндардан көреміз
6) Бастауыш пен баяндауыш маңында топталып қызмет атқаратын толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыштар тұрлаусыз мүшелер деп атайды.
ΙΙΙ деңгей. Мақал - мәтелдерден көнерген сөзді тап
1) Барымта алған мал емес,
Қуып алған құл емес
Құл жиналып, бас болмас
2) Тентек шоқпар жинар
Өз еліне шекпен пішпеген кісі елінде мақпал пішеді
3) Сорлыға сойылдың жуан басы тиер,
Ұстаменен дос болсаң, наркескенін аласың.
4) Хан қасында уәзір білгіш болса, қара жерде кеме жүргізер
Қызыл кебіс қисық аяқты әйгілейді
2. «Желаяқ» - семантикалық карта
3. «Саққұлақ» - бес жол өлең
4. «Таусоғар» - оқулықпен жұмыс 205 - жаттығу
Мәтіннен терминдерді тауып, қай ғылымға тән екенін айту.
Саяхатшы, карта, глобус, мұхит, планета, құрлық, Австралия, Антарктида, теңізші, су, ойпат,
қырат, тау, қазба – байлық – география
5. «Көлтауысар», «Еркін жазу» стратегиясы. Сурет бойынша шағын әңгіме жазу
6. «Мыстан» - «Кім шапшаң». Жұмбақ шешу.
1). Қалмайды бір - бірінен, тағы озбайды
Аяғын көз ілеспей ол қозғайды
Үстіне не салсаң да тиеп алып
Қара інген ботасы жоқ, құр боздайды
(паравоз)
2). Танауынан
Су да шығады,
Бу да шығады.
(шәйнек)
3). Топырақты асаймын,
Тау да, сай да жасаймын
(экскаватор)
4). Үсті жазық,
Төрт қазық
(үстел)
5). Екі тас беттескен,
Жұтады бидайды.
Майдалап қайтадан,
Адамға сыйлайды.
(диірмен)
6). Пырылдар көкте инелер,
Инелік емес үй делік.
(тік ұшақ)
7). Арқама асынамын,
Мектепке асығамын.
(сөмке)
8). Сояудай әр тырнағы,
Шөпті жияр қырдағы.
(тырма)
9). Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.
(ай)
10). Қарап тұрсаң көзін қысып қалады,
Суретің де демде дайын болады
(фотоаппарат)
7.«Хан» - Венн диаграммасы
ΙV. Қорыту
Сәйкестендіру тесті
V. Үйге тапсырма
Көркем шығармалардан омоним, синоним, антонимдері бар сөйлемдерді жазып келу.
VІ. Бағалау. - өте жақсы
- жақсы
- орташа
Әр оқушыны жауабына қарай белгілер арқылы бағалау
Әр топтың бағаларын қосып, балдық жүйеде жеңімпаз топты анықтау.
Лексикадан өткенді қайталау
- AINYR
- 12 қаңтар 2016
- 1913
- 0
- 0
Ілмек сөздер: лексикадан өткенді қайталау, сөз және оның мағыналары
Ұқсас жаңалықтар:
Ереулі атқа ер салмай
Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай,...Исатай деген ағам бар
Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлымен дос болып,...Лексикадан өткенді қайтадау
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Мақсаты: Лексикадан өткенді қайталау тапсырмаларын орындай отырып, өз пікірін білдіре біледі және ойын...Лексика тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Болатбаева Мирамкүл...Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)
Пән мұғалімі: Елшібай Ү. Ж. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Лексика бойынша алған білімдерін дамыту арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөз...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.