Сайтқа кіру Тіркелу

«Әкем,шешем және мен»(топтар сайысы)

Мақсаты:
а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Бүгін біздң «Айгөлек» тобында үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылаына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатынасатын ата-аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.
2.Құрсауды бір-біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.
3. «Кім жылдам?» ойыны.
4.Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)
5.Допты шеңберге лақтыру.
6.Асық тау.
7.Арқан тарту ойыны.
Алғашқы сайысқа Жүсіповтар мен Кабышовтар отбасы жарысқа түседі.
Өздерін таныстыру.
Жүсіповтар отбасы.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз

Кабышовтар отбасы.
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап трмаспа
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.

2-сайыс.
Нұрғалиевтер отбасы.
Қане,қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізд шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.

Умизақовтар отбасы.
Қане,босқа арап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық.

ІІ.Ойынның шарты
Екі отбасының мүшелері бір-біріне 2 метр қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Мәреде әр отбасының топ бжанында 10 құрсаудан қойылған. Белгі берісімен 2 отбасының топ басшысы құрсауды тез-тез беріп тұрады, ал ең соңында сайыскер құрсауды беліне кигізеді. Қай жақтағы отбасы тез және уақытында киіп үлгерсе, сол жееді.

Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
ән мен шашу шашайық.

Даярлық тобының орындауында «Түркістан» биі.

ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Ойынның шарты.
Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының қолында көкөніс салынған.4 себет. Сол топтағы сайыскерлер көкөністерді жолда жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып есептеледі.

ІV. «Қаппен секіру» ойыны.
Ойынның шарты.
Жарыстатын екі топты сайыскері мәрегег келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.

Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.
«Би» «Айжан қыз»
IV. «Допты шеңберге» лақтыру.
Ойынның шарты.
Әр отбвсындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау.Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1,5 м-дей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтыру керек.Әрбір отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім шеғберге дәл лақтырса, сол кп ұпай жинайды.

VI. «Асық ату».
Ойынның шарты.
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп ығады.

Жүргізуші:
Қошеметтеп жеңіп шыққан отбасын,
Қол соғайық жеісімен құттықтап.
Жастық әнің шалқыта
Енді міне, көшейік айтысқа.

Даярлық тобы оқушыларының өнерімен «Біржан-Сара» айтысынан қысқаша сахналық көрінісін тамашалаңыздар.
(сахналық көрініс)
Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,бекініп.
Күшімізді сынайқ.

VII. «Арқан тарту» ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Осымен сайысымыз аяқталды.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Топтар, сайысы
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×