Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Сөздердің бір буыннан тұратынын білдіру. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын білдіру.
дамытушылығы: Балалардың ойлауын, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, алғырлыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ертегінің схемасы, өсімдіктердің суреттері, дәндер, күнбағыс, карточкалар, КҮН, ЖЕЛ, ЖАҢБЫР, сөзжұмбақ,
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тәжірибелік жұмыстар және ойын.
Шаттық шеңбері
Арайланып таң атты.
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз
Қайырлы күн қонақтар.
Балалардың қолдарына доп лақтырып мақал - мәтел айтқызу.
Балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Ендеше біз «Мақта қыз бер мысық» ертегісін тыңдайық.
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп бір мейіз тауып алады.
Мейіз тапсырмасы: Балалар әріп таңбасына қарап сөзді тауып оны буынға бөліп неше әріптен тұрады
Өте жақсы, балалар, мейіздің тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Мейізді мысыққа бермекші болып мысықты шақырады. Мысық келмейді. Мақта қыз ашуланып мейізді жеп қояды. Мақта қыз мейізді жеп болған соң мысығы келеді. Мысық мені неге шақырдың?- дейді. Мақта қыз үндемейді. Мысық ертегісін Мақта қыздың қатығын төгіп тастайды.
Қатыққа тапсырма:
Керекті сөзді тап.
Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мақта қыз менің құйрығымды берші - дейді. Мақта қыз қатығын сұрайды. Сүйтіп мысық қатық іздеп жолға шығады. Қатық сұрап сиырға келеді. Сиыр қатықты оңайлықпен бермейді. Сиырдың қатығын алу үшін мысыққа көмектесейік.
Сиырдың тапсырмасы Сөз жұмбақты шешу.
Балалар енді сиыр оңайлықпен сүтін бере қоймайды. Сиыр маған қарным ашып тұр, маған жапырақ бер, - дейді. Жапырақ алу үшін, талға келеді.
Ал балалар қараңдаршы мында белгісіз тапсырма тұр оқып көрейік. Мында Дәндер қалай өседі? көрсетіңдерші.
Ойынның шарты:
Жүргізуші, Жел, Күн, Жаңбыр.
Балалар дән болады.
Тәрбиеші: Біздің бақта жел тұрды
Бақшалардан өтеді
Егістікке жетеді
Дәндер ұшты – ұшты дәндер
Дәндер ұшып тас жолда отырып қалады
Тәрбиеші: Ой, бұл не деген сұмдық болды дәндерім тас жолда қалып қойды
Кішкентай ғана дәндерде
Өсімдіктер тығылған
Өсімдіксіз өмір жоқ
Не істесек болғаны
Ортаға жел келіп
Гу - гу, гу - гу шықты
Желдепті де бұлт қуды
Жел соққан соң жел тіпті
Жын соққандай жұлқынды
Жапырағы судырлап
Тал таранды сұлуша
Сұлу құрақ сылдырлап
Салды саусақ бұрымша
барлық дәндерді ұшырады.
Дәндер егістікке барып отырады.
Тәрбиеші: Бұл тағы бір сұмдық дәндерім неге өспейді?
Ортаға күн келіп
Кең аспан ғой Ай, Күннің
Қашаннан – ақ тұрағы
Кейде сол күн дәндерге
Жылуын да береді
Кейде кіріп бөлмеге
Ол ойнады айнамен
Шомылады көлге де
Шуағын шашып қайтадан.
Күн бәріне жылу мен жарық береді
Тәрбиеші: Бұл тағы да не сұмдық жерге апрып қондырып, жарық пен жылу берсек те неге өспейді өсімдік?
Жаңбыр келіп
Жау жау жаңбыр жау жаңбыр
Жауған жаңбыр – жауған нұр
Жердің шаңы басылсын
Дәндеріміз ашылсын
Еркен егін көктесін
Бізге нанды көп берсін!
Жаңбыр су құяды
Тәрбиеші: Ал дәндерім ақылды
Жерге ектік сендерді
Жылу менен жарықты
Су да құйдық керекті
Енді қашан өсесің?
Дәндеріміз бой көтеріп
Сабақтарын жаяды
Бүршік атып бір демде Жапырақтар тарайды
Ағаштың тапсырмасы: Алма теру(буындарды қосып оқу)
Тал одан су сұрайды. Мысық қыздарға келеді.
Қыздардың тапсырмасы: Мынау күнбағысымнан қандай пайда?
Ия бұл күнбағыс жасанды ал тірі күнбағыстан не шығатынын тәжірибелік жасап көрейікші.
Қыздар мысықтан сағыз сұрайды. Сағыз алу үшін дүкеншіге барады
Дүкеншінің тапсырмасы:
Қанша фигура шықты?
Дүкенші мысықтан жұмыртқа сұрайды. Жұмыртқа алу үшін тауыққа барады.
Тауықтың тапсырмасы: «Ребусты шеш»
Тауық тары сұрайды. Мысық не істерін білмей тұрғанда алдынан тышқан шығады. Тышқанды қорқытып, тары алады. Тарыны тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны алып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды талға береді. Тал жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатық береді. Қатықты Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
Ал балалар біз мысыққа көмектестік пе?
Шеңберге тұрып қорытынды сұрақтар қою
Қанеки, енді табиғатқа ризашылығымызды сөзбен жеткізейік. Шеңберге тұрып, рахметтерін айтады.
Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
Аспан Таза ауаң үшін рахмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Ағаш, көлеңкең үшің рахмет!
Табиғат сұлулығың үшін рахмет!
Ойнайық та, ойлайық
- CУЛУШАШ
- 4 сәуір 2013
- 8741
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, сауат ашу, тіл дамыту, айнламен танысу
Ұқсас жаңалықтар:
Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналау
Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және кіші қойылымдарды сахналауды...Білімді тиянақтау
Бастауыш сынып мұғалімі Удуримова Шаризат Елдосовна...Анаға сыйлаймыз
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамшабаева Айсалтан...Ертегілер еліне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы білім беру: Сөздік қорын байытып, ертегіні нақты етіп айта білуге...«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші: Гүлаш Бексейтова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.