[Кожагалиева Айнур Набигалиевна
БҚО Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
"Сынып жетекшінің ата-ана, оқушы, ұстаз арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағыттары"
Сынып жетекшісі–ол кім? Сынып жетекші–сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.
Сынып жетекшісі–ол кім? Сынып жетекші–сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет.
Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасынан білім алып жатырған оқушылар. Жалпы тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. Кезінде ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай, оқушыны жан-жақты зерттеп білу керек. Мысалы,өз тәжірибемде сынып оқушыларымен зерттеу жұмысын жүргізген болатынмын.
Тақырыбы: Баланың өз «менін» ашуға жол сала отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Мақсаты:
♦ Сынып ішінде өзара достық, сенім, бейбіт қарым-қатынас орнату;
♦ Бала бойындағы жақсы қасиеттерді ашуға, өздерін өздеріне танытуға көмектесу;
♦ Білім беру, тәрбиелеу жұмысында оң нәтижелерге қол жеткізу.
Жұмыс барысында:
• Оқушылар және ата-аналармен сауалнама жүргізілді.
• Сынып жетекші- ата-ана-оқушы арасында тығыз байланыс орнатылды.
• Оқушылардың қызығушылықтары, мінез ерекшеліктері анықталды.
1. «Өзін-өзі бағалау картасы» бойынша оқушылар өздерінің мінездеріне тән жолды таңдауы қажет. Нәтижесінде сыныптағы зерек оқушылар: Галиева А., Мендыгалиева А., Джулкатова Н., Мурсенова З., Тимиров А., Ибраимов Ә. Пысық оқушылар: Галиева А., Мендыгалиева А. , Тимиров А. Асықпайтын оқушылар: Сатымов Д., Турегельдиев М. Сыр сақтай алатын оқушылар: Назерке, Еркебұлан, Дидар, Айбек, Мирас. Жылдам оқушылар: Аклима, Аяжан, Еркебұлан.
2. «Оқушының қоршаған ортамен қатынасын зерттеу» оқушылардың өмір мен қызметтің әртүрлі жағдайындағы өзара қатынасын, қоршаған ортада өзін қалай сезінетіндігін, ұстайтындығын анықтауға мүмкіндік береді.
3. Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану. Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайлылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл бойынша мен төмендегідей тәсілді қолдандым.
Социометрия методикасы
Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама үлестіріледі:
1. Кіммен бір партада отырғың келеді?
2. Кіммен бірге дос болғың келеді?
3. Кімді туған күніңе шақырғың келеді?
Оқушылардың жауаптарын алғаннан кейін кесте толтырылады. Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады.
Социограмма
4 шеңберден тұрады:
1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)
2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар
3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)
4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)
Бұл зерттеу бойынша ең көп таңдалынған оқушыларды ұйымдастыру жұмыстарында басшылыққа алып отырдым. Партаға бірге отырғысы келетін өзара бірін-бірі таңдағандарды оқушылардың өздеріне білдіртпей бірге отыруларына мүмкіндік бердім.
Ата-анамен жүргізілетін жұмысымның мақсаты: Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру және оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру. Осы мақсатпен ата-аналар арасында түрлі тақырыптарда сауалнама жүргізілді. Атап айтар болсам:
4. «Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?». Шарты: сұрақтарға шын мәніндегі жауаптарды беру. Жауаптар ия-3 ұпай, кейде – 2 ұпай, жоқ – 1 ұпаймен есептеледі. Соңында ұпай сандары бойынша ата-аналарға тест қорытындысы оқылады.
5. Сәйкестендіру тесті. Ата-аналар мен оқушыларға бірдей сауалнама үлестіріледі. Мысалы: Балаңыздың досы кім? Қай пәнді жақсы көреді? Қай пәннен қиналады? Болашақта кім болғысы келеді? деген сияқты сұрақтар бойынша жауап алынады да, сәйкестендіріледі. Егер де сәйкес келсе онда ата-ана бала тәрбиесіне өте жауапты, баламен сырласып, қызығушылықтарына көңіл бөледі деген сөз. Ал егер де сәйкес келмесе ата-ананың бала тәрбиесіне онша көп көңіл бөлмейтіндігі анықталады.
6. Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау.Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мен оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алдым.
Балаңыздың аты-жөні:..
Балаңыздың достары кімдер? Олар үйге келіп тұра ма?...
Жанұяда бала тәрбиесімен кім айналысады?....
Балаңыздың сабағын тексересіз бе?.....
Бала үйдегі еңбекке қатысады ма, қандай шаруаға...
Бос уақытын қалай өткізеді ...
Балаңыздың күн тәртібі...
Балаңыз қандай пәндерді оқығысы келмейді...
Балаңыздың үйдегі мінезі...
Сонымен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижелерін есептеу және бағалау оқушыларды жан-жақты зерттеуді, олардың тәрбиелік дәрежелерін анықтауды талап етеді. Тәрбие дәрежесін дұрыс анықтау – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың пәрменді құралын табу деген сөз. Мектепте бір-бірімен байланысты үш ұғым бар. Олар: ұстаз, оқушы, ата-ана. Білім беру саласында жетістікке жету үшін оқушы – дарынды, ұстаз – жалынды, ата-ана - жауапты болуға тиіс. Сонда ғана жұмыс алға қарай жүреді деп есептеймін.
Сыныпты зерттеу
- Инжу
- 11 қаңтар 2013
- 35872
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұстаз, сынып жетекші, ата-ана, ұстаз, оқушыға байланысы, сыныпты зерттеу
Ұқсас жаңалықтар:
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қары ...
Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі: — педагогикалық және...Ата - анамен жүргізілетін жұмыс
Проблема: Тәрбие саласында ата - анамен жағымды қарым - қатынасты реттеуде ұстаз небір қиыншылықтарға тап болып жатады. Қазіргі жаңа педагогикалық...Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісі білуі тиіс: • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын • Бала құқықтары туралы конвенцияны...Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы
ШҚО, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульмира Тельмановна...Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.