Сайтқа кіру Тіркелу

Нашақорлық - рухани азғындықтың белгісі

Көркем негізгі мектеп психологы:
Муканова Ризвангуль Жұмабайқызы.

Нашақорлық – рухани азғындықтың белгісі.

Рухани жағынан бай иманды адам нашақорлыққа бармайды. Қоғамда имандылықтың әлсіреуі де түрлі азғындықты асқындыра түседі. Есірткінің тұзағына түсетіндер де көбінесе өмірде алға қойған мақсаты жоқ, ештеңеге қызықпайтын, үлгі алатын ортадан аулақ жүретін адамдар арасында көптеп кездеседі. Қоғамымызда белең алған осы « індет түрін» тудыратын бірнеше себептерді қазіргі дін ғалымдары мен ғылыми - медициналық және психология сынды ілімдер ашып көрсетуде. Олар: маскүнемдік, имансыздық, отбасындағы азғындық, бұқаралық ақпарат құралдары, көңіл көтеру орындары.

Маскүнемдік - көп ретте тән құмарлықтың көрінісі ретінде сипатталады. Рақатқа бату үшін адам ар-намысы мен абыройын аяққа таптап, араққа салынады. Өз денсаулығына өзі қастандық жасайды. Мұндай түсініктегі адам үшін сәті келсе есірткіге бару да оп-оңай.
Имансыздық – нашақорлыққа бастайтын дүниетаным деңгейінің бір көрінісі. Рухани деңгейдегі жұтаңдық. Жүрегінде иманы бар жан есірткіге жоламайтыны анық. Иман адамды азғындықтан сақтайтын рухани қорғаны.

Отбасындағы азғындық. Мұндай отбасында ата-ана мен өзге де мүшелері маскүнем, нашақор, жеңіл жүріске салынған арсыз болуы мүмкін. Сонымен қатар отбасында күн сайын ұрыс-керіс орын алып, отбасындағылардың бір-біріне қатыгез болуы азғындықтың белгісі. Отбасында жақсылыққа бастайтын тәрбиенің нышаны да болмайды. Бұл отбасынан шыққан балалар өсе келе ұяда көргенін істейді. Мұндай отбасылар есірткі таратудың қайнар бастауы деуге әбден болады.
Көңіл-көтеру орындары. Көңіл көтеру ошақтары есірткі саудасы мен есірткі тасымалының негізгі жайлары болып табылады. Көңіл көтеру мекендеріне түнгі клубтар, барлар, казинолар, бір жыныстылардың арсыздығынан жасалатын арнайы үйлер. Аталған мекеме –есірткі өрісін кеңейтіп, өркендететін негізгі ошақтар.

Бұқаралық ақпарат құралдары. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігі интернет. Өкінішке орай есірткі тұтынудың артуына қызмет етіп отырғаны жасырын емес. Теледидарда жастарды қылмысқа итермелейтін криминалдық арнайы сериал кинолар, түрлі шоу бағдарламалар көрсетіледі. Мұның барлығы тікелей немесе жанама түрде есірткіге тәуелділікті дәріптейді. Міне бұл көп ретте жас ұрпақтың санасын есірткімен улайтын мән жайлар болып табылады. Бұл тұрғыдан рухани саулық әлсіреген сайын өзінің құндылық қасиеттерінен алшақтай беретіні белгілі. Өйткені мұндай адамның бар ойлағаны тән құмарлығын қанағаттандыру болмақ. Осындай сана-сезімді адамды көбінесе ішімдікке, есірткіге, зинақорлыққа, құмар ойындарына үйір қылады. Тән құмарын қанағаттандыруды ғана көксеп тұратын жанды не ғылымға, не спортқа, не мәдени іс-шараларға, не имандылыққа қызықтыру өте қиын. Қорыта келгенде нашақорлықты имандылық пен рухани мәдениетті күшейту арқылы шешуге болатынын ұмытпаған абзал.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×