Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілі грамматикасының оқушы сауаттылығына әсері

Қазақ тілі грамматикасының оқушы сауаттылығына әсері

Сонау XX ғасырда халқымыздың ұлы тұлғасы Ж. Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Шынында да, бүгінгі таңда, әсіресе, бүкіл әлемдік жаһандану дәуірінде әлем бойынша білім мен ғылымның маңызы өте зор болып тұр. Еліміздің болашағы – жастар десек. Сол жастарға сапалы білім беру - бүгінгі ұстаздар қауымы алдында тұрған үлкен міндет. Бұрынғы жаттанды оқудың дәуірі өтіп, оның орнын жаңартылған білім беру мазмұны басып, оқушылар мен ұстаздар жаңа білімнің жаңа бір форматына бет бұрды. Білім беруде негізгі мақсат - жан - жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік талғамы бар, қабілетті тұлғаны қалыптастырумен қатар, уақыт талабына сай оқыту үрдісін жетілдіру. Ал, оқыту үрдісін жетілдіру үшін әр ұстаз тек қана сабақ беріп қана қоймау керек, ол өзінің күнделікті оқушыларға білім беруде кездесетін қиындық мәселерді шеше білу керек. Яғни, оқушыларға пән бойынша ғана білім беріп қоймай сонымен қатар оқушыға пән бойынша қандай қосымша сабақтар тиімді болатындығын анықтап, зерделеп, саралай білу керек.

Соның нәтижесі бойынша қай сыныпта оқушыға не тиімді? Нені қосымша оқыту керек? Қандай қосымша курстар оқушыларға керек болады? Осы сұрақтар төңірегінде толғанып, сол курстарды құрастыруға ат салысса нұр үстіне нұр болар еді. Көп жылдық ұстаздық тәжірибемнен, әсіресе, 8 - 11 - сынып оқушыларын қазақ тілі пәнінен қазақ тілінің грамматикасын бір жүйеге келтіріп оқытатын, оқушыға да пән мұғаліміне де ыңғайлы курс бағдарламасы керек екендігін түсіндім. Осы мәселе төңірегінде жұмыс істеуге бел будым.

Грамматика (гр. ypammatikn: грамматике - әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы. Үлкен екі саласы бар: морфология, синтаксис. Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Грамматика – әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу өнері деген ұғымды білдіреді. Яғни, біз ұстаздар қауымы, оқушылар егер де сауатты жазып, сауатты сөйлеуге үйренсін десек оқушыларға қазақ тілінің грамматикасын сапалы үйретуіміз керек. Бүгінгі күні, қазақ тілі пәні оқулығы бағдарламаға сай құрастырылған, бірақ барлық сыныптарды алып қарасақ оқушыларға грамматикалық тапсырмалардың аздығы. Бүгінгі күнде басымдық мәтін түрлерімен жұмысқа негізделген.

Ол өте дұрыс. Мәтіндермен жұмыс істей отырып оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады. Сонымен қатар біз қазақ тілінің грамматикасын бірінші орынға қойып отыруымыз керек. Өйткені қазақ тілінің грамматикасын оқушы терең білмесе сауатты жазуларына, сауатты сөйлеулеріне әсер етіп жатады. Сондықтан қазақ тілі пәнін негізгі бағдарламаға сай оқыта отырып, оқушыларға берілетін қосымша сағаттарда қазақ тілі пәнінің грамматикасын оқыту өте тиімді болар еді. Сонда оқушы оқылым мен жазылым кезінде, айтылым мен тыңдалым тапсырмаларын орындай отырып қазақ тілінің грамматикасына аса мән беріп отырады. Ол: сөздің қандай сөз табы екендігі, ол қалай жасалып тұр, түбірі мен қосымшасын ажырату сияқты тапсырмаларды жеңіл орындап шығушы еді.
Қорыта келе, болашақ ұрпақтың алды ашық, жарқын болу үшін, біздер ұстаздар қауымы аянбай еңбек етуіміз керек. «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін» деп ұлы Конфуций айтып кеткендей, балалардың қажеттіліктеріне қарай білім беріп, іздемпаздыққа басымдық беруіміз керек деп ойлаймын. Сонда ғана ұлтымыздың болашағы нағыз елін, жерін сүйетін азаматтардың нық қолында болатындығына сенім білдіремін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ж. Аймауытовтың еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер» Stud. kz сайты.
2. www. kk. m. wikipedia. org Грамматика.
3. www. tarbie. kz Қазақстанның педагогикалық журналы.

Файзулина Баян Боткеновна
Нұр - Сұлтан қаласы, №65 – мектеп - гимназиясы, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×