Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі

Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі.

Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыруда ойын технологиясын қолданудың мәні зор. Ойын - баланың даму құралы адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады» - делінген.

Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялардың алатын рөлі зор. Ойын балалардың негізгі іс - әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық - физиологиялық, педагогикалық тұрғыдан маңызды қызметтер атқарады. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі болғандықтан, сабақты ойын түрінде өткізе отырып оқытуда ойын технологиясын сабақ барысында қолдану тиімді әрі жеңіл. Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыруға болады.

Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақтаны қолданып, сабақты қызықты етіп түрлендіріп өткізудің де жолдары өте көп. Мысал ретінде бірнеше жәй ойын түрлерін айта кетсек: шеңбер жасата отырып, амандасудың өзі оқушының көңіл күйін көтереді. Ал суретті пайдалана отырып өткізген сабағымыз есте сақтап қалуда оң нәтиже береді. Себебі ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір мәліметтерді түрлі суреттермен тасқа белгілеп кейінгі ұрпаққа қандай да бір ақпараттардан із қалдыруға тырысқан. Сол сияқты «Тілек айту» тренингін ұйымдастыру немесе әрбір оқушы өз көңіл - күйін смайлик арқылы бейнелеудің өзі шаршап отырған оқушыны сергітіп, қызықтырудың бірден бір жолы. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың ықыласпен тыңдап, сапалы меңгеруіне көмектеседі. Бес саусақ бірдей емес дегендей, сабаққа сыныптағы оқушылардың барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет, ол үшін мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойынды да күрделендіріп немесе жәй түрін қолданса, әр оқушының сабаққа қызығушылығын дамыта отырып, әртүрлі деңгейде талап қойып үйлестіре алса, тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал болып табылады.

Мұғалімдер ойын технологиясын қолдана отырып өткізген сабақтарының оқыту процесінде өте жоғары деңгейде өткендігін практика жүзінде дәлелдеген. Болашақтағы мұғалім мақсаты: оқушы білімінің сапасын арттыру, яғни оқушыға берген біліміміздің нәтижесін көре білу. Ойын арқылды оқушылар көптеген қажеттіліктерді меңгереді. Атап айтсақ оқушылар өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге, оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдануға, оқу көлемін басқаруға, уақытты үнемдеуге, жылдам шешім қабылдауға, уақыт үнемдеуге, қажетті материалдарды іріктеп өз бетімен іздене білуге үйренеді.

Сабақтағы ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Үшінші мыңжылдық – құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін кезең болғандықтан, мектептердің білім деңгейін көтеру мақсатында мектеп ұстаздары, ғылыми – техникалық прогресстен қалмай жаңа технологияларды дер кезінде пайдаланып, жүйелі басшылыққа алып саналы да, білімді ұрпақ тәрбиелей алсақ, келешекте сапалы іске қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№1 кешкі орта мектеп директорының
Оқу - ісі жөніндегі орынбасары
Бекназарова Рима Аяшовна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып тілдік қорын дамыт ...

Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып тілдік қорын дамыт ...

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін...
Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арт ...

Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арт ...

Ағылшын тілін үйренуде рольдік ойындардың пайдасы зор. Ролдік ойындарда барлық балаларға роль беріледі де, бір – бірімен міндетті түрде қарым –...
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы

№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің Физика - математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×