Шешендік сөздер: Қаба би деген екен...
Қабада ақындық, жыраулық қасиет те бар екен. Өзі қара қылды қақ жар сөйлейтін әділ биге ақындық өнер қосылған соң, оның шешендігі де, шеберлігі де арта береді. Шешіле, көсіле термелей сөйлеген Қабаның бетіне ешкі пара - пар келе алмаған. Ол бар жерде, айыптылар, дұшпандары ыға жүрген. Дегенмен кісі дұшпансыз бола ма? Бір жиын отырыста оған жауі жүрген бір шонжар бай оны сөзден сүріндірмек болып төтеннен "дүниеде не жау? " деген сұрақ қояды. Сонда Қаба би кідірместен былайша термелейді:
Барлы, барлы, барлы тау,
Басы аманның дені сау,
Ұйықтамаса қабақ - жау,
Ішпей жүрсең тамақ - жау,
Арық атқа қамшы - жау,
Жыртық үйге тамшы - жау,
Тебеген болса биең - жау,
Сүйкеншек болса түйең - жау,
Түйеңменен биеңді,
Алып кетсе жиен - жау,
Қасарысқан қатын - жау,
Қашаған болса атың - жау,
Ұл он беске келгенше,
Қолға ұстаған қобызың,
Ұл он бестен өткен соң,
Тіл алмаса доңызың.
Қызыңды күйеу алмаса,
Көк шығып өліп қалмаса,
Көрінгенмен ойнаса,
Бәрінен сол кызың - жау -, дей бергенде, әлгі өз деміне өзі пісіп отырған байсымақ жер шұқып отырып қалыпты. Өйткені, оның бойжетіп отырған қызы үйінде жүріп әр жігітпен көңіл қосып, жүкті боп қалған екен. Соны Қаба би дәл тауып, тілге тие еткенде, оның аузына құм құйылыпты дейді ел.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шешендік сөздер: Қаба би деген екен...
- ramuk_b
- 24 қыркүйек 2024
- 226
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұлағатты сөздер, Қаба бидің ұлағатты сөздері, қанатты сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Саққұлақ би деген екен...
Зерек те, зерделі Сәбден 12 - 13 жасынан әкесі, Бапан би қасында жүріп шешендік өнеріне жаттығады. Ел билеу ісіне араласады....Көркем сөздің құдіреті: Күпу
1. Қаралардан қашқалақтаған Шалматайдың өз басы ғана емес, бағанағы бір - бір атқа мініп, Нәзипаға қамшы үйіріп, аттың құйрығына тақпақ болып күпініп...Бәкеге
Дін пұсырман баласы Адамдықтан жерімес, Тіл пұсырман, қарашы, Арамдықтан шегінбес....Бұқарға
Үй сыртында арқа тау, Панасы егер жоқ болса, Бұл шіркіннің несі тау?! Кетеген болса, түйең жау, Тебеген болса, биең жау, Ұрысқақ болса, ұлың жау,...Жал, құйрығы қаба деп
Жал, құйрығы қаба деп Жабыдан айғыр салмаңыз Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.