Шешендік сөздер
Бай адамның ұлына айтқан өсиеті
Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
– Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады, ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың ығында, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан ақсақал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:
– Неғып отырсың? – дейді.
Жігіт:
– Жай отырмын, – деп жауап береді.
Ақсақал:
– Шыныңды айт! – деп қыса бастайды.
Жігіт еш нәрсе айтпайды. Тағы да ақсақал:
– Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, – дейді.
Жігіт:
– Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп кедей болдым, – дейді.
Ақсақал:
– Қандай өсиет айтып еді? – дейді.
Жігіт:
– Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», – деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», – деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», – деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, – дейді.
Ақсақал тұрып жігітке:
– Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату - тәтті өмір сүресің» дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» дегені: «Еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» дегені еді, – деп қарт өз жөніне кетіпті.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Бай адамның ұлына айтқан өсиеті
- ramuk_b
- 19 сәуір 2021
- 3715
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бай адам, ұлына айтқан өсиет сөздері, ұлағатты сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Бір сөзден тұратын өсиет
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен...Қара сөздер. Абайдың он төртінші қара сөзі
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле...Жолы болғыш үшеу
Бір адам үш ұлын қасына шақырып алып: — Мен қартайдым, - депті, — дәм-тұзым таусылар мезгіл жеткен сияқты, сендердің қамдарыңды ойлайтындай уақыт...Композицияда туындының болмысын ашу. «Ертегі кейіпкерлері»
Композициядағы туындының болмысын ашу, яғни ертегілердегі кейіпкерлерді композициялық тұрғыдан қарастырып оқушыларға түсіндіру...."Өзім туралы" өлеңі
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 4 "А" сынып оқушысы Еркінбаев Дамир Ержанұлын Мұғалімі: Маутаева Жұмакүл Ширекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.