Сайтқа кіру Тіркелу

Ғылым, білім, даналық туралы ұлағатты сөздер

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы

Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
Абай Құнанбайұлы

Ғылымды танып – білуде ережеден мысал пайдалырақ.
Исаак Ньютон

Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.
Альберт Эйнштейн

Алғашқы саяхатшыларды қызуғышылық тартса, келесі ізімен ғылым келеді.
Жак - Ив Кусто

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
Абай Құнанбайұлы

Сұрау белгісі (?) – барлық ғылымдар кілті.
Оноре де Бальзак

Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Шәңгерей Бөкеев

Ғылым үшін барлығы да маңызды.
Генрих Гейне

Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
Дмитрий Менделеев

Ғылымда демалыс жоқ. Ғылым үшін демалыс жұмыстың өзгеруі ғана.
Василий Вильямс

Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ.
Жүсіпбек Аймауытов

Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі — жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас.
Саади Ширази

Ғылымның отаны жоқ.
Луи Пастер

Біліктінің орны - төр.
Саиф Сараи

Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
Роджер Бэкон

Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде сол опық жейді.
Иүгінеки Ахмед

Қарама - қайшылық қана ғылымның дамуына ықпал етеді.
Сергей Капица

Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
Карл Фридрих Гаусс

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
Абай Құнанбайұлы

Дарвиннің адамның шығу тегі туралы көзқарастары модерндік ертегі болып шықты. Бұл ертегінің ғылыми және әлеуметтік дамуымызға зияннан басқа әсері болмады. Эволюция ертегілері де ғылыми зерттеулерді ойран етті.
Джон Дурант

Ғылымның ісі – адамға қызмет ету.
Лев Толстой

Ғылымды көбінесе біліммен шатастырады. Бұл – үлкен ағаттық. Ғылым дегеніміз білім ғана емес, сонымен бірге саналылық та, яғни сол алған білімді дұрыс қолдана білу.
Василий Ключевский

Саясат — нақтылы емес ғылым.
Отто фон Бисмарк

Ғылыммен неғұрлым көп танысқан сайын, оны солғұрлым жақсы көресің.
Николай Чернышевский

Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.
Халел Досмұхамедұлы

Ғылым өмірге қызмет етеді.
Нильс Хенрик Давид Бор

Адамзат ақыл - ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.
Әбіш Кекілбаев

... ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Абай Құнанбайұлы

... адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
Жүсіпбек Аймауытов

Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым.
Мұхтар Әуезов

... ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.
Мұхтар Әуезов

Адамның шын мәнісіндегі нағыз артықшылығы ғылымда.
Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жарғанат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді.
Саиф Сараи

Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.
Ыбырай Алтынсарин

Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді - кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады.
Қаныш Сәтбаев

Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі.
Қаныш Сәтбаев

Медицина — саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым.
Ибн Сина

Ғылым фантазиямен қанаттанса жеңіске жетеді.
Майкл Фарадей

Шовинизм тарихи ойды ғылыми зерделеуге бөгет жасайды.
Олжас Сүлейменов

Ғылымның қандай пайдасы - білместі жолға салмаса.
Асан қайғы

Ғылым - Алланың бір сипаты.
Абай Құнанбайұлы

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып - жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.
Олжас Сүлейменов

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.
Олжас Сүлейменов

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.
Олжас Сүлейменов

Ғылым үйрен - көзің ашылады.
Міржақып Дулатұлы

Заман түзелгенде - ғылымға да, әдебиетке де татымды талап қояды. Сонда көзедей көп академиктердің талайының аты да, заты да ұмытылады.
Шерхан Мұртаза

Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос,
Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді.
Шет шығып сахарадан баспас қадам,
Болады бүйтіп жүріп қашан адам?
Бейхабар ғаламдағы хикматтан,
Тұтқындай қапастағағы күні қараң.
Міржақып Дулатұлы

Адамдармен жақсы мәміле ету ақылдың жартысы. Сұрақты дұрыс сұрау ғылымның жартысы.
Ариф Ривагари

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Абай Құнанбайұлы

Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы - зар.
Сырым Датұлы

Ғылымы жоқ дене суы жоқ қалаға ұқсайды.
Шәмс Тәбризи

Математика - ақиқат дүниесінің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым.
Фридрих Энгельс

Жазба деректерге көзсіз сену – тарихнаманың ғылымнан айырмашылығы осында жатыр.
Олжас Сүлейменов

Неге поэзия – тек сезімнің, ал ғылым – тек зерделіліктің көрінісі болуға тиіс? Ақылсыз адам шығарған өлең жолдары нақылға айналмайтыны хақ.
Олжас Сүлейменов

Даналық - ғылымның бастауы.
Цицерон

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
Әл – Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл - ойы – айқын, ерік - жігері – зор, тілек - мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Әл – Фараби

Саяхат – өзімізді қайтадан іздеп табуға арналған ең ұлы ғылым.
Альбер Камю

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.
Абай Құнанбайұлы

Ғылым - капитан, іс - тәжірбие - жауынгерлер.
Леонардо да Винчи
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер

Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер

Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ғылым - теңіз, білім - қайық. Кітап - ғылым – тілсіз мұғалім....
Оқу, білім, кітап оқу туралы ұлағатты сөздер

Оқу, білім, кітап оқу туралы ұлағатты сөздер

Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде... Аристотель ... үрей атаулының бәрін білім жеңеді. Виссарион Белинский...
Білім туралы ұлағатты сөздер

Білім туралы ұлағатты сөздер

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Әлихан Бөкейханов Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар. Альберт Эйнштейн...
Ақыл туралы ұлағатты сөздер

Ақыл туралы ұлағатты сөздер

Білімдімен дос бол, Сасқанда ақыл береді. Мөңке би Керенау ақылда әзілге орын жоқ. Уильям Шекспир...
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

Өлеңді мәнерлей оқи отырып, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×