Сайтқа кіру Тіркелу

Ақымақ, ақымақтық туралы ұлағатты сөздер

Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.
Бауыржан Момышұлы

Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді.
Наполеон Бонапарт

Мүмкін емес – бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.
Наполеон Бонапарт

Жер бетінде ақымақтарсыз өмір сүру қызықсыз болар еді.
Михаил Лермонтов

Ақымақ болып туылу ұят емес, ақымақ болып өлу ұят.
Ремарк Эрих Мария

Ақымақ — ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.
Жүсіп Баласағұни

Ақылды адам үйренуді, ақымақ үйретуді жақсы көреді
Антон Чехов

Ақылсыз адам — мәуесіз ағаш секілді.
Жүсіп Баласағұни

Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы - тіреу, одан артық адам жоқ болды.
Марк Твен

Мен ақымақ болып елді түзетпек едім, ақылды болып өзімді түзетуге кірістім.
Лев Толстой

Саусақ аспанға көтерілгенде — ақымақ сол саусаққа қарайды.
Альберт Эйнштейн

Өз сырыңды айтып қою – ақымақтық.
Франсуа Вольтер

Ақымақ адам өз тілін тыя алмайды.
Саиф Сараи

Мақтау және жаланы бейжай қабылда,
Ақымақпен ерегіске салынба.
Александр Пушкин

... ақымақ та киіпті алтын көзәйнек.
Александр Пушкин

Ақымақты мақтасаң – қуанады.
Саиф Сараи

Өзін сыйламайтын адам – бақытсыз, алайда өзіне толықтай көңілі толатын адам – нағыз ақымақтың өзі.
Ги де Мопассан

Егер айналасын ақымақтар жайламаса, ақылды адам көптеген қиындықтарға дұшар болар еді.
Франсуа де Ларошфуко

Тек ақымақ қана өз өлімінің жақындағанын тойлайтын болады.
Бернард Шоу

Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар.
Пьер де Бомарше

Құмарлық көп ретте ақылдыны ақымаққа айналдырады. Ақымақтарға ақыл салатын кезі де аз емес.
Франсуа де Ларошфуко

Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.

Барлық әйел сұлу болып тумайды, ал 30 жасқа дейін әдеміленбесе, оның жәй ғана ақымақ болғаны.
Коко Шанель

Ақымақтың ұстазы – сөз емес, бақытсыздық.
Демокрит

Ақымақ күндіз шам жағады.
Саиф Сараи

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.
Омар Хайям

Әзілді түсіне білмеу — ақымақтың қасиеті.
Закани Убәйд

Құдай берейін десе - ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.
Құтып

Қазіргі заманның нашар тұстарының бірі: өзіне сенімділердің ақымақ болуы, ал кішкене болса да ой - қиялы мен түсінігі барлардың күмәнға толы болуы және тәуекелге бара алмаулары.
Бертран Рассел

Надандықтан білім іздеу емес, өзіне сенімділік көбірек туады.
Чарльз Дарвин

Өзінің ақымақ екенін түсінген ақымақ — ақымақ емес.
Федор Достоевский

Әркімнің қателесуі мүмкін, ал оны мойындамау - тек ақымақтың ісі.
Цицерон

Ашушаңдық адамды бір сәтті ақымаққа айналдырып жібереді.
Брюс Ли

Әр адам күніне тым болмағанда, бес минут ақымақ болады. Ақылды адам атанудың жолы — сол лимитті азайту.
Дейл Карнеги

Ақымақтарға алғыс айтайық. Олар болмағанда, басқаларға жетістікке жету қиын болар еді.
Марк Твен
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×