Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.
Федор Достоевский
Мейірімді ер адам алаңсыз. Төмен адам уайымшыл.
Конфуций
Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.
Виктор Гюго
Білімдінің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев
Жек көру - бейшаралықтың, кейде ақыл жұтаңдығының бетке ұстаған пердесі, жек көру дегеніміз - мейірімнің, ақыл мен адамдарды түсінудің жетіспеушілігінің белгісі.
Альфонс Доде
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Ғабит Мүсірепов
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Туралық - хақтың мейірі.
Саиф Сараи
Адам бәріне де қабілетті. Одан жақсылықты да, жамандықты да күтуге болады. Сол мені қынжылтады. Сондықтан күндіз - түні жаратқаннан тек адал, ақкөңіл, мейірімді адамдарды жолықтыр деп тілеймін.
Сергей Довлатов
Еңбекті дұшпан санаған адамда өмірі мейірім жоқ.
Сәбит Мұқанов
Сәбиді қанша рет сүйейік, бәрібір мейіріміз қанбайды.
Бауыржан Момышұлы
Халықтан мейірім кетті,
Момынға телі - тентек тақымы өтті,
Талтүсте талапайда ақым кетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қожа Ахмет Йассауи
Мейірімді адам өзін кінәлайды, төмен адам өзгені кінәлайды.
Конфуций
Не дер екен мейірімі мол кісі:
Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –
Дәулет болар алсаң соның ақылын.
Мейірімнен шынайы леп еседі,
Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі.
Жүсіп Баласағұни
Адам нәсілін жер бетінде баяндатып тұрған бірден - бір күш — мейірім мен рақым ғана.
Әбіш Кекілбаев
Мен ұмытылмас мейірімді достарымнан артық бақыт таба алмаспын.
Уильям Шекспир
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мейірімді туралы ұлағатты сөздер
- ramuk_b
- 30 қараша 2018
- 10949
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мейірімді туралы ұлағатты сөздер, нақыл сөздер, қанатты сөздер жинағы
Ұқсас жаңалықтар:
Әділет туралы ұлағатты сөздер
Заманның көз сал халіне. Халқыңның ойла пайдасын, Өзің үшін налыма... Басыңды тік бәйгеге,...Пейіл, ынсап, мейірім туралы ұлағатты сөздер
Пейілі кедей байдан сақта. Абай Құнанбайұлы Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. Шәкәрім Құдайбердіұлы...Қабілет туралы ұлағатты сөздер
Адамдармен қарым - қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа...Жақсылық туралы ұлағатты сөздер
Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын. Шәкәрім Құдайбердіұлы...Ақыл туралы ұлағатты сөздер
Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. Шәкәрім Құдайбердіұлы Жігіттер күн болды ойланарлық... Асыл сол ақыл, білім...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.