Бұ дүние көлеңкедей ойнайды: қусаң — қашар, қашсаң — сенен қалмайды.
Жүсіп Баласағұни
Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.
Шал Құлекеұлы
Әдетте егде жастағы кісілер жастарға ақша жинауға кеңес беріп жатады. Бұл нашар кеңес. Бес теңгеліктер жинамаңыздар. Мен 40 жасқа жеткенше өмірімде бірде бір рет доллар да жинап көрмеппін.
Генри Форд
Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.
Бауыржан Момышұлы
Егер сонда бірін - бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз - бірі өмір сүре алмайтын екі аққуға ұқсаса, міне, сонда ғана олар — шын ғашықтар.
Ілияс Есенберлин
Кездейсоқтыққа сенетін адам өз өмірін лотереяға айналдырады.
Томас Фуллер
Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңіл қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да —
Үмітін жоймас адамзат!
Бұқар жырау
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
Мұқағали Мақатаев
Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.
Бауыржан Момышұлы
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
Әйтеке би
Өзің не істесең, алдыңа сол келер.
Өмір — күшті, өлім — одан да күшті.
Жүсіп Баласағұни
Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан,
Оны қуып несіне адам құмартқан?!
Жүсіп Баласағұни
Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық.
Саиф Сараи
Әлсіз адамдар өмірді түсінбейді, ал ержүректер оны меңгеріп алады.
Сергей Довлатов
Жатқан — тұрар, көтерілген — отырар, жарық — сөнер, жүрген кісі — тоқтар.
Жүсіп Баласағұни
Өмір бойы өзім еріп келе жатқан қағида: "тырысу керек және тырысу керек және тағы да тырысу керек – бірақ ешқашан берілмеу керек!"
Ричард Бренсон
Өзгелер қаламаған нәрсені бүгін жаса, ертең басқалардың қолынан келмейтін өмірді сүретін боласың.
Джаред Лето
Мен басымнан өткерген қиыншылықтарға мойымаймын. Эрнест Хэменгуэйдің сөзіне сенер болсақ, жазушының ең керемет күндері – қиындыққа кез болған күндері.
Сергей Довлатов
Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең.
Иоганн Вольфганг фон Гёте
Ақша қымбат, адам өмірі одан қымбат, ал уақыт бәрінен қымбат.
Александр Суворов
Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат.
Антон Чехов
Адам өмірі — қылдан нәзік.
Жүсіп Баласағұни
Егер мұғалім өте беделді болса, онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне, сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы, өзінің мінезі - құлқы мен іс - әрекеттері, дүние жүзіндегі бірде - бір адамда болмайтындай, ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды.
Михаил Иванович Калинин
Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.
Жүсіп Баласағұни
Ең басты ғажабымыз - өмір сүріп жатқанымыз.
Сергей Капица
Өмірдің гүлі — жігіттік шақ.
Жүсіп Баласағұни
Бұл өмірді беріпті ғой азапқа — қызық қуып, бос өткізіп азайтпа!
Жүсіп Баласағұни
Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.
Бауыржан Момышұлы
Тірі адам — табылар.
Жүсіп Баласағұни
Тумақ — сүннет, өлмек — парыз.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.
Әбіш Кекілбаев
Халықтың бір бөлігін өмір бойы алдауға болар, тіпті, барша халықты та біршама уақыт алдауға болады, алайда, бар халықты өмір бойы алдауға болмайды.
Авраам Линкольн
Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген өзіміз білетін қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Сондықтан өз басым өткенге өкпе жүрмейді деп ойлаймын. Өткенге тек тәубе жүреді деп ойлаймын.
Әбіш Кекілбаев
Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді
Сенека
Сақтауға қажет бір асыл болса – алдымен жүрегіңді сақта, өйткені өмір бастауы – сол жүрек.
Уильям Гарвей
Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем. Өнер – өлшем болғанда, өлшем – үнем. Ал үнем – тірліктің күре тіні.
Асқар Сүлейменов
Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін.
Дмитрий Иванович Писарев
Өмір сүру мен үшін еңбек ету деген сөз.
Иван Айвазовский
Ғылым өмірге қызмет етеді.
Нильс Хенрик Давид Бор
Өмірдің бірінші қажеті еңбек болатындай етіп құра біл. Еңбексіз адал, жарқын өмір жоқ.
Антон Чехов
Жақсы өмір сүру дегеніміз — жақсы жұмыс істеу.
Николай Лобачевский
Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.
Антон Чехов
Дүниеде көбірек тұрғың келсе өзіңді - өзің бапта, кеткің келсе былапытта.
Ғабиден Мұстафин
Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.
Аристотель
Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.
Мұхаммед Әли
Шахмат — бұл өмір.
Роберт Фишер
Біз организмімізге немқұрайлықпен қараушылықтан өз өмірімізді өзіміз қысқартамыз.
Павлов Иван Петрович
Оп - оңай іс, оп - оңай тірі жанды өлтіру,
Мүмкін емес қайтадан тірі күйге келтіру.
Мұхаммед Хайдар Дулати
Сен асыққан екен деп — Алла өмірін өзгертпес.
Абай Құнанбайұлы
Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.
Иоганн Вольфганг фон Гёте
Махаббат — өмірдің өлең - жыры, жарық күні.
Виссарион Белинский
Өміріңді байлық қыл — пайдасы болсын ізгілік.
Жүсіп Баласағұни
Қателіктер өмірдің тыныс белгілері секілді. Олар болмаса, мәтіндегі сияқты, өмірдің де еш мағынасы болмайды.
Харуки Мураками
Отбасылық өмірде ірі зілзаладан аман қалу, ұсақ - түйек кикілжіңнен құтылудан әлдеқайда оңай.
Габриэль Гарсиа Маркес
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.
Мұхтар Әуезов
Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір - ақ рет ашпайды. Өмір адамды қайта - қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді.
Габриэль Гарсиа Маркес
Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,
Ешкім шығара алмас қиын есеп.
Оралхан Бөкей
Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.
Ғабит Мүсірепов
Нақты не қалайтыныңызды елестете алған кезіңізде, бұл сіздің санаңыз бен денеңізді мақсатыңызға жету үшін программалай бастайды. Өз шектеулерімізден асып шығу үшін бұдан да зорына лайықты екенімізді сезіне алуымыз керек. Сол кезде шынайы өмір сіздің үмітіңізді ақтайды.
Энтони Роббинс
Адамның әрбір күні бір - біріне ұқсас болса, адамдар өз өмірлерінде күн шыққалы бергі болып жатқан жақсы нәрселерді сезінуден қала бастайды.
Пауло Коэльо
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.
Мәриям Хакімжанова
Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
Серке Қожамқұлов
Суарған семсер секілді, жастықта жатпа, жайраңда!
Бернияз Күлеев
Өмір – өзен, өлім – құрдым.
Бернияз Күлеев
Өмір – өзен күні - түні ағады, үстеп оны тұрмыс уы тамады. Өмір у ғой, ішпеген жан арманда, ішкен адам қандай ләззат табады?..
Бернияз Күлеев
Қыран қартайса, жағалтайға жаутаңдар.
Майқы би
Еркін адам дегеніміз — өз қалауымен, өз заңдарымен өмір сүретін адам.
Анахарсис
Адамдардың көпшілігі жел оңынан тұрып, тымықта жүзіп келе жатқанда — қасындағыларды "қызық - қуанышты тең бөліспедіңдер" деп кінәлауға шебер келеді, ал сәл дауыл тұрса болды — оларды қашан көргенін ұмытып, жансауғалауға көшеді.
Тоқсары
Бүйтерін кім біліпті бұл жалғанның, Сендім де, ал дегенін қабыл алдым. Жолымнан жауыз тағдыр жаңылдырды, О, дүние - ай! Мезгілімнен қапы қалдым.
Бернияз Күлеев
Адамдар сөйлеуді жақсы көреді, бірақ айтқандарымен амал етуді, үйренген нәрселерімен тіршілік етуді тәрк етеді.
Сәләма бин Динар
Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді.
Әлихан Бөкейханов
Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ.
Базар Оңдасұлы
Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.
Сағатхан Әшімбаев
Тағдырдан артық шебер, өмірден артық ұстаз жоқ.
Әкім Ысқақ
Кейде асыл дегенің жасық, күн дегенің көлеңке, қуаныш дегенің қайғы... болып шығады.
Әкім Ысқақ
Өмірде бәрі ойдағыдай емес, ойдағының бәрі өмір емес.
Әкім Ысқақ
Тіршілік - ғұмыр белгісі - алыс - тартыс, арбау - әдіс.
Әлихан Бөкейханов
Кейде төбеге қараймыз деп, төмендегіні ұмытамыз. Жазықты көреміз деп, жанымыздағы көрмейміз.
Әкім Ысқақ
Өмірің — өз амалыңның жемісі. Өзіңнен басқаны кінәлеуші болма.
Джозеф Кэмпбелл
Өмір, адам, әлем, қызық, қанағат туралы ұлағатты сөздер
- ramuk_b
- 27 қараша 2018
- 14460
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өмір, адам, әлем, қызық, қанағат туралы ұлағатты сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Өлім туралы ұлағатты сөздер
Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз. Ги де Мопассан Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?! Қадыр Мырза...Уақыт туралы ұлағатты сөздер
Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану. Саади Ширази Арзан әңгімеге құмар адам, қымбат уақытын жоғалтады....Өмір, отан, жүрек, адам, туралы ұлағатты сөздер
Өмір шыңға шыққанмен бірдей. Асықпай шығасың, зымырап түсесің. Ги де Мопассан Нәпақа табам деп, өмір сүруді ұмытып кетпе Интернет...Жастар туралы ұлағатты сөздер
Жастар армандайды. Кәрі адамдар еске алады. Луи Арагон Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді Цицерон...Тағдыр туралы ұлағатты сөздер
Сен махаббатпен ойнасаң, тағдыр сенімен ойнайды. Қадыр Мырза Әли...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.