Сайтқа кіру Тіркелу

Күлкі туралы ұлағатты сөздер

Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.
Мұхаммед Әли

Жастықтан бір күлгенің, мың қаралық.
Абай Құнанбайұлы

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Абай Құнанбайұлы

Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.
Бауыржан Момышұлы

Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.
Федор Достоевский

Адам жақсы күледі екен — демек, жақсы болғаны.
Федор Достоевский

Күлкіден қорыққан — шындықты сүймейді.
Иван Тургенев

Күлкі — күн: ол адам жүзінен қысты қуады.
Виктор Гюго

Күлкі сергектік тудырады.
Лев Толстой

Кей адам күлкісімен әбден сыр алдырып қояды, сіз табан астында оның бүкіл қатпар - қалтарыстарын біліп аласыз. Тіпті даусыз ақылды күлкі де кейде жиіркенішті болады. Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.
Федор Достоевский

Адамдардың мінезі олардың нені күлкілі санайтындарынан бәрінен гөрі жақсы көрінеді.
Иоганн Вольфганг фон Гёте

Адамзат ең қуатты қаруға ие, ол күлкі
Марк Твен

Барлық дене қимылдарының ішінде — күлкі ең келістісі, ол ас қорытуға, қан айналымына қолайлы әсер етіп, барлық ағзалардағы өмірлік күшке серпін береді.
Кристоф Вильгельм
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×