Сайтқа кіру Тіркелу

Мәдениет туралы ұлағатты сөздер

Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.
Ғабит Мүсірепов

Мәдениеттің мәйегі - кітап.
Шерхан Мұртаза

Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.
Әлихан Бөкейханов

Microsoft басты мәселесі, олардың талғамы жоқ. Расында да, талғамсыз. Олар шығармашылық туралы ойламайды. Олардың өнімдерінде мәдениет жоқ.
Стив Джобс

Тәуелсiздiгiн жаңадан алған елдердiң көптеген ғасырлық тарихы бар немесе тәуелсiздiгiн елу жыл бұрын алғандарға қарағанда өзiнiң саяси инфрақұрылымында, саяси дәстүрi мен мәдениетiнде төзiмдiлiк сапасы төмендеу екенін естен шығармаған жөн.
Нұрсұлтан Назарбаев

Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз.
Сергей Капица

Мәдениет дегеніміз - кісілер арасында адам болу өнері.
Олжас Сүлейменов

Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.
Халел Досмұхамедұлы

«Төлтума мәдениет» деген патриоттық ұғымды әлдебір алыс мұхит төрінде сан ғасырлар бойы кеме зәкір (якорь) тастап көрмеген аралға қатысты ғана қолдануға болады.
Олжас Сүлейменов

Гүлденген мәдениет дегеніміз - сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады.
Олжас Сүлейменов

Балалар сіздің сөзіңізден сіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек.
Антон Макаренко

Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек
Уинстон Черчилль

... ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.
Мұхтар Әуезов

Сондықтан оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері.
Халел Досмұхамедұлы

Сыпайы болудан сіз ешнәрседен ұтылмайсыз. «Жоқ» деп айтуға мәжбүр болатын жағдай болады, бірақ оны мәдениетті түрде, шынайы себептерін түсіндіре отырып жеткізіңізші... Не себепті «Жоқ» екенін маған түсіндіріңізші. «Жоқтың» орнына «Иә» деп айтпай - ақ та қойыңыз... Егер «Жоқ» деп айтуға шынайы себептер болса, жауабыңыз «Жоқ» болып қала берсін, бірақ оны сыпайы жеткізіңіз.
Ли Куан Ю

Көшпелілер Орхон - Енисей жазбаларынан басқа ештеңе дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын сұрауға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ, олар оқ - дәрі (порох) де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой солардан кем маңызды мәдениет элементтері деп кім айта алады?!
Олжас Сүлейменов

Кімде - кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Мұхтар Әуезов

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
Ахмет Жұбанов

Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек.
Нұрсұлтан Назарбаев

Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.
Антон Чехов
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Әдеби тіл мәдениеті» арнайы курсының бағдарламасы

«Әдеби тіл мәдениеті» арнайы курсының бағдарламасы

Осы ұсынылып отырған арнайы курс бағдарламасын 10 - сыныпқа арналған факультатив сабақ ретінде қолдануға болады. Қазақ тілі сабақтарында да жақсы...
Ғылым, білім, даналық туралы ұлағатты сөздер

Ғылым, білім, даналық туралы ұлағатты сөздер

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбайұлы Махаббат – әуелі адамның адамдығы,...
Тарих туралы ұлағатты сөздер

Тарих туралы ұлағатты сөздер

Тәуелсiздiгiн жаңадан алған елдердiң көптеген ғасырлық тарихы бар немесе тәуелсiздiгiн елу жыл бұрын алғандарға қарағанда өзiнiң саяси...
Жастар туралы ұлағатты сөздер

Жастар туралы ұлағатты сөздер

Жастар армандайды. Кәрі адамдар еске алады. Луи Арагон Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді Цицерон...
Оқу, білім, кітап оқу туралы ұлағатты сөздер

Оқу, білім, кітап оқу туралы ұлағатты сөздер

Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде... Аристотель ... үрей атаулының бәрін білім жеңеді. Виссарион Белинский...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×