Сұлулықтың салтанаты да гүлдің күніндей қысқа болады.
Әл – Хорезми
Сұлулықтан да зекет алу керек.
Әл - Хорезми
Сұлулық барлық нәрседе бар. Бірақ оны барлық адам көре алмайды
Конфуций
Болған шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы ұшқырлығы бар.
Ғабит Мүсірепов
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Ғабит Мүсірепов
Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу - ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.
Ғабит Мүсірепов
Ақыл - ой ұшқырлығы сұлулықтың орнын толтыра алады.
Клод Гельвеций
Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.
Франсуа де Ларошфуко
Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.
Кристофер Якоб Бустрём
Қарапайымдылық — моральдық сұлулықтың басты шарты.
Лев Толстой
Сұлулық деген - бақытты уәде ету.
Стендаль Фредерик
Балғын шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы, ұшқырлығы бар.
Ғабит Мүсірепов
Егер көбелектің сұлулығын сезінгің келсе, оған қол тигізбе.
Пабло Пикассо
Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға сыймайды.
Николай Чернышевский
Сұлулық әлемді құтқарады.
Федор Достоевский
Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.
Ғабит Мүсірепов
Өлеңнің жаны - сұлулық.
Сағатхан Әшімбаев
Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.
Бөкен би
Сұлулық туралы мақал-мәтелдер
Сұлулық – жүрек кілті.
Адам тәнінің сұлулығы саулығында
Сұлулық туралы ұлағатты сөздер
- ramuk_b
- 23 қазан 2018
- 46572
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сұлулық туралы ұлағатты сөздер, нақыл сөздер сұлулық, сұлу
Ұқсас жаңалықтар:
Мейірімді туралы ұлағатты сөздер
Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой. Федор Достоевский...Жастық шақ туралы ұлағатты сөздер
Жас сыны: қырықта — қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда — ашқарақ бөрідеймін, жетпісте — шала илеген терідеймін,...Өнер - өмір өрнегі
Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан - дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалық, әсемдік, сұлулық, жан сұлулығы туралы түсініктері арқылы...Әсемдікке ұмтылайық
Ақтөбе қаласы, №55 орта мектептің мұғалімі Р. Шауменова...Сүйкімі дүниенің сұлулықта
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №5 кәсіптік лицейдің математика пәнінің мұғалімі Қараев Дархан Жылқайдарұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.