Сайтқа кіру Тіркелу

Киіз үй макетін құру

Киіз үй макетін құру
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өз еліміз, өз отанымыздың болашағы зор, тәуелсіз де керегесі кең, шаңырағы биік екенін түсіндіре келе киіз үй арқылы оның макетін құру қандай еңбекті қажет етсе, еліміздің болашағы мен мәңгілік ел тағдыры үшін қажымай еңбектену керек екені жөнінде білім беру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, киіз үй макеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу, түгендеу, үй тапсырмасын тексеру
2) Сабаққа дайындығын қадағалау
3) Жаңа сабаққа назар аудару
4) Оқушылар киіз үй жайлы ойларын айту
5) Мұғалім киіз үйдің шығу тарихын әңгімелеу

Біз бүгінгі сабақта ежелгі қазақ халқының көшіп қонуға ыңғайлы баспанасы киіз үй макетін құрып үйренейік. Ол негізгі 4 тапсырмадан тұрады. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Окушыларды топқа бөлу. Ол үшін оқушылар отан туған жерге байланысты мақал мәтел айтады.
«Киіз үй макеті»
Мақал мәтел
І топ:
1. Отан отбасынан басталады
2. Отан оттан да ыстық
3. Отан үшін отқа түс күймейсің?
4. Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі
5. Жаңбыр жауса жер ырысы
Батыр туса ел ырысы
6. Отансыз адам ормансыз бұлбұл

ІІ топ:
1. Өз елім өлең төсегім
2. Өз елімнің басы болмасам да
Сайының тасы болайын
3. Ел ағасыз болмайды
Су жағасыз болмайды
4. Ер жігіт ел үшін туады
Ел үшін өледі
5. Туған жерге туың тік
6. Ел іші алтын бесік

1) Таныстыру. Әр топ жеке ұраны өлең жолдарын айту
1 - топ
Ардақты біз « Алғыр»тобы
Ата жолын жалғаймыз
Бүгінгі сайыс сабағында
Құстай ұшып самғаймыз

2 - топ
«Тапқыр» тобы талантты
Қалдырмаймыз сабақты
Бүгінгі сайыс сабағында
Шындаймыз ақыл парасатты.
2) «Білімді жетер мұратқа»

Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
- Ақмола Астана болып қай жылы жарияланды?
- Төл теңгеміз қашан дүниеге келді?
- Тәуелсіз Қазақстанның президенті қашан қай жылы сайланды?
- КР конституциясы қай жылы қабылданды?
- ҚР өз тәуелсіздігін қашан алды?
- Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
Сұрақтарға жауап табылған жағдайда киіз үйдің керегесі жайылады.

Кейін екі топ басшыларына 1 cұрақ беріледі. Қай топ басшысы жылдам дұрыс тапса сол есікті (сықырлауық) керегеге қосып байлау мүмкіндігі беріледі.
- Тіл туралы заң қашан қабылданды?

3) Сөзжұмбақ «Президент»
1) Қарттарға төленетін жәрдемақы?
2) Отан қорғаушылар кімдер?
3) Үзіліссіз айналымдағы құрал?
4) Қазақстанның оңтүстіктігіндегі қала.
5) Табиғаты көркем жерге саяхат
6) Қоғамның бір бөлшегі?
7) Елдің атын кім шығарады?
8) Республикамыздың бас қаласы?
9) Біздің сүйікті Отанымыз?

Сөзжұмбақты қай топ жылдам дұрыс шешсе, сол топтың басшысына шаңырақты көтеру мәртебесі беріледі.

4) Кім жылдам сұрақ тест ( ел болашағы тағдырына байланысты)
Екі топқа 22 сұрақ беріледі. Әр топ 1 сұраққа жауап берсе бірден 4 уықтан байлап отырады. Осылайша 2 топ сұраққа толық жауап тапқан жағдайда 88 уық орнына байланып аяқталады. Қай топ жауап таба алмаса қарсы топтың жауап беру мүмкіндігі болады.
Сұрақтар:
1. Киіз үйдің сүйегіне нелер жатады? (Шаңырақ, уық, сықырлауық, кереге)
2. Шаңырақ дегеніміз не?(Киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез)
3. Уық қандай қызмет атқарады?(Уық - кереге басымен шаңырақты ұстастыратын ағаш )
4. Кереге қандай қызмет атқарады?(Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды)
5. Сықырлауық деп нені айтады?(Киіз үйге кіріп - шығатын есік қызметін атқаратын бұйым)
6. Киіз үй қай дәуірде пайда болған?(Киіз үй қола дәуірде саяды)
7. Киіз үйдің үлкен – кішілігі неге байланысты?(кереге басының санына байланысты)
8. Киіз үй үлкен кішілігіне байланысты қалай аталады?(қазақы үй, қырғыз үй, қараша үй)
9. Адалбақан деп нені айтамыз?(Киіз үйді тіккенде шаңырақты көтеруге арналған ағаш)
10. Керегенің қандай түрлері бар?(6 қанатты, 12 қанатты, 30 қанатты)
11. Киіз үй туралы алғаш рет кім жазды?(Қытай тарихшысы Сымацян)
12. Киіз үйдің сыртқы әбзелдеріне қандай қызмет атқарады?(Күн сәулесін және су өткізбеу, жылу сақтау қызметтерін атқарады)
13. Туырлық қандай қызмет атқарады?(Керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді жабады)
14. Үзік қандай қызмет атқарады?(Кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жабады).
15. Түндік қандай қызмет атқарады?(Шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз үйдің сүйегін бір бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұрады).
16. Танғыш деген не? (Екі керегенің сағанағын кіріктіріп таңатын жіңішке құр)
17. Шалма деген не? (Уықтардың ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр).
18. Желбау деген не? (Өрнекті төгілме шашақты бау).
19. Басқұр деген не? (Киіз үйдің ішін безендіру үшін қолданылатын өрнекті жалпақ құр)
20. Бақан деген не? (Бір ұшын екі аша етіп жасаған ұзын сырық. Ол киіз үйді тіккен кезде шаңырақты көтеріп тұруға арналған)
21. Киіз үйдің жиһаздарын ата? (Сандық, кебеже, асадал, адалбақан, ағаш төсек, жүк аяқ)
22. Киіз үйдің бұйымдарын ата? (Тұскиіз, аяққап, қоржын, кесеқап, алаша, кілем, текемет, сырмақ)

5. Қорытынды:
Сонымен біз бүгінгі сабағымызды қортындылай келе қазақтың киіз үйінің шаңырағы елбасы десек, байланған уықтар қазақ жерінде тұрып жатқан халықтар мен әр ұлттар болып тату тәтті бір шаңырақ астында тұрып жатқандығымызды білдіреді. Кереге – ол қазақ ұлтының кеңпейілдігін, жомарттығын, бауырмалдығын және 4 құбыласы тең іргесі сөгілмеген тағдырымыз бір тәуелсіз ел екендігін көрсетеді.
Қазақ елі
Үй тапсырма: Киіз үй жабдықтарын тігу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×