Сабақтың тақырыбы: «Өрмек тоқу өнер»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданылатын қарапайым әдістермен танысу.
Дамытушылық: Тоқу ісін үйрене отырып шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Тоқу ісімен бірге оқушыларды әсемдікке, ұлттық қолөнерді дамытуға тәрбиелеу.
Оқу сұрақтары: 1. Өрмек түрлері мен қажетті құралдар.
2. Алаша тоқу.
Жұмыс жабдықтары: Өрмек тоқуға қажетті құралдар макеттері, суреттері және жіп түрлері.
Пәнаралақ байланыс: Тарих, бейнелеу.
Әдісі: Көрсетулер арқылы түсіндіру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды сабаққа даярлау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Өрмек халық өнерінің тоқу ісінде қолданылатын қарапайым әдісі. Күрделі техникасыз, кез - келген жағдайда қолданылып, керекті жабдықтарды оңай табылатын өрмектің екі түрі бар.
1. Аспалы немесе термелі өрмек.
2. Жай өрмек.
Біріншісінде кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады.
Екіншісінде шекпен, алаша, қап, қоржын, терме бау, басқұр сияқты енсіз заттар тоқылады. Қарастыратынымыз – жай өрмек. Жай өрмекті құрып, тоқу үшін мынадай жабдықтар қажет:
1. Өрмек өрісінің қазықтары.
2. Күзу шыбығы – қабатталған шиден, тобылғыдан, сымнан жасалады.
3. Адырғы – екі жақ шеті жонылған, ортасы сәл дөңес, ені 20 – 25 см. тақтай.
4. Есепші немесе кергіш сабау.
1 - қазық, 2 – жүгіртпе, 3 – арқау, 4 – есіп сабау, 5 – адырғы,
6 – қылыш, 7 – күзу қазығы, 8 – күзу аралығы, 9 – күзу шыбығы.
5. Қылыш – қылыш тәрізді, сырт жағынан 3 - 4 мм. дейін, дүз жағын 6 – 7 мм. жонылған, ені 12 – 15 см. жалпақша келген ағаш.
6. Арқау шөлмегі – екі басының кішкене ашасы бар 20 – 30 см. ағаш.
7. Арқалық – 1 – 1, 5 метр шамасындағы түзу ағаш.
8. Көтерме немесе мосы – басы біріктірілген үш ағаштан тұрады.
9. Өрмек жіптер.
10 – бақылау жібі
11 – күзудің көтермесі.
Алаша тоқу. Алаша бүктеуге, жинауға, алып - салуға қолайлы мүлік. Өрмекпен тоқылған алашаның ені әдетте 40 – 50 сантиметрден аспайды. Сондықтан мұның бірнеше кесіндісін біріктіре құруға тура келеді. Бұл үшін шебер тоқылған материалдың ұзына бойы мен енін өлшеп, одан кейін кесіп, құрау қажеттігін есептейді.
Әдетте өрмек жіптердің 35 – 40 сантиметрдейі тоқуға келмей қырқылады. Мұны «өрмектің қырқындысы» дейді. Алашаның бойларын құрау үшін осы қырқынды жіптерді пайдаланады. Бұл жіптер ақ, қара, көк, қызыл – төрт түсті делік. Ендердің жапсары бойына осы төрт түсті жіптер кезектестіре отырып бұзау тіс тігісімен аралықтарын 1 – 2 сантиметрдей етіп сыналап енгізіледі.
Сарамандық жұмыс. Өрмекке арналған жіптер бірнеше түс болып, бөлек – бөлек домалақтанады. Әзір жіптерді мөлшерлеп, екі топқа бөледі. 1 – сі өрмектің күзуіне ілінетін үстіңгі, ал 2 – сі күзуге ілінбейтін астыңғы жіптер.
Арқау – ерсі (үстіңгі) және қарсы жіптердің арасында көлденең
түсіп отыратын жіп.
Күзу – бұл тоқылмайды, тек тоқылатын жіптерді ажыратып, әр қайсысын өз орнына тізу үшін қолданылады.
Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алады да өрісті төрт қазығын айнала жүріп, соған төгеді.
«Өрмек жүгіру» біткен соң қазықтарды суырып тастап, өрістегі жіпті екі еселеп жинайды.
Арқалықтың асты, яғни екі жіптің арасы 10 – 15 сантиметр болып, бұл қуысқа қылышты өткізіп қояды. Ары қарай өрмек тоқу жұмысы жалғастырылады.
ІІІ. Оқушылар үшін бақылау сұрақтары:
1. Өзіңе ұнаған, өзің жасауға талпынатын өнер түрі қандай?
2. Өрмек тоқуға қажетті жабдықтарды ата.
3. Басқа да қандай ұлттық қолөнер түрлерін білесіңдер?
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Өрмек тоқу өнер
- nazgul74
- 25 қаңтар 2015
- 8438
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тоқу ісін үйрену, өрмек өрісінің қазықтары, алаша, қап, қоржын, терме бау, басқұр
Ұқсас жаңалықтар:
Ши орау
Қолөнерінің барлық түрлері сияқты, ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы....Рухани жаңғыру. Өрнекті өрмек өнері
Өрмек – алаша, басқұр, қоржын, кілем т. б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы (станок). Термелі өрнек – кілем тоқитын...Алаша тоқу
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №7 Жалпы орта білім беретін мектебінің Бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Жаманов Ербол Тұрарұлы...Жастық бетіне райхан гүлін «кулечки» өрнегімен тоқу.
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кенті Жезді аралас орта мектеп - интернатының Бейнелеу өнері, сызу және технология пәні мұғалімі: Жайлыбаева...Өрнектеп тоқу түрлері
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәні мұғалімі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.