Сабақтың мақсаты: а\оқушыларға тігін машинасының құрылысы, түрлері туралы түсінік беру. ә\оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу. б\ оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге баулу.
Көрнекілігі: тігін машинасының құрылысы сызылған плакат, машина түрлерінің суреттері, сөзжұмбақ.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, көрсету
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгелдеу.
II. Өткен тақырыпты пысықтау.
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сөзжұмбақ шешу.
1. Мата түрі. \мақта\
2. Тігін машинасының түрі. \қол\
3. Тігін құралы. \жіп\
4. Тігін машинасының түрі. \аяқ \
5. Қол тігіс түрі. \қайып \
6. Тігін құралы. \ оймақ\
7. Мата түрі. \зығыр\
8. Тігін құралы. \қайшы\
Сөзжұмбақта тігінен алжапқыш сөзі шығуы керек.
III. Жаңа сабақ
Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын XV ғасырда Леонардо до Винчи ұсынған. 1755 жылы Вайзенталь Карл қол тігісін жүргізетін машина ойлап тапты. 1808 жылы Д. Пири бір жіпті тез тарқатылатын машина шығарды. Тек 1834 жылы Уолтер Хант шөлнекті машина жасады. Бұл машиналардың кемшілігі астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді. Ал 1844 - 1845 жылдары американдық Элиос Хант инженер Уолтер Ханттың машинасының принципін қолдана отырып, бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды. Элиос Хантты тігін машинасының атасы деп те атайды. 1850 - 1851 жылдары американдық Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді. Сөйтіп 1870 жылдан бастап АҚШ - " Зингер " фирмасы кеңінен етек жайды. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында " Зингер " заводы ашылды. Осы кезден бастап машинаның сыртқы дизайны да ерекше әшекейленіп, фирманың белгісін жазатын болды. Машинамен тігілген бұйым сәнді әрі сапалы көрінді. Машинамен тіккен тігіс, қол тігісіне қарағанда, жылдам орындалады әрі сапалы, біркелкі түзу, мықты болады.
Тігін машинасы 4 түрге бөлінеді: қол машина, аяқ машина, электр машина, арнайы машина.
Қорытынды: өтілген тақырыпқа жан жақты тоқтала отырып қорытындылау.
Бағалау:
Үйге: Тігін машинасының құрылысы \оқу\
Тігін машинасының құрылысы
- Бұрханова
- 31 қаңтар 2014
- 26297
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тігін машинасының құрылысы, технология пәнінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Тігін машинасын жұмысқа дайындау
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді, тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы...Тігін машиналарының түрлері
Жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру...Тігін машинасының шығу тарихы
Тігін машина түрлерін анықтау. Тігін машинасының құрылысы Сабақтың жалпы мақсаты: машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру,...Машина тігістері
Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев орта мектебінің технология пән мұғалімі Габидуллина Гульмира Хамитовна...Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.