Сайтқа кіру Тіркелу

Сарматтар

Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы
Қазақстан тарихы 6 - сынып
Мақсаты: Мал шаруашылығы, егіншілік, сарматтардың материалдық мәдениеті Қазақстан жеріндегі ескерткіштері туралы мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің шаруашылығы мен тұрмысын салыстырады, меңгереді.
Негізгі идеялар
- Оқушылардың топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін - бірі оқытуын қалыптастыру.
- Тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімімен білетініне сүйену
- Өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогтық), сыни ойлау (айналмалы бекет, ыстық орындық), Диалогты оқыту, семантикалық карта, топтастыру, бес жол өлең
Негізгі дерек көздер немесе ресурстар: Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығы
Интернет материалдары. Қазақстанның тас дәуірі. Алматы 2008 ж, мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей)
1. Сарматтар Қазақстанның қай аймақтарын мекендеген? Картадан көрсет.
2. Савраматтар мен сарматтардың байланысы қандай?
3. Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата.
4. Сарматтарда әлеуметтік – тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?
5. Әскери демократияның мәні неде?
6. Сарматтардың құрамына енген тайпалар?
7. Сармат қоғамының сатыларын ата.
8. Сарматтарда әйелдердің қоғамдағы рөлі, орны қандай болды?
9. Сарматтар кімдер? Олардың тарихын оқуымыздың себебі неде?

«КӨПІР» тапсырмалары
Балама тест (Иә, жоқ)
1 Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ - масагертер.
2. Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы?
3. Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші.
4. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан.
5. Аландар Б. з. б. 248 - 247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы
6. Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген.
7 Б. з. б. VІІІ ғ.- б. з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі.
8. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы иседондар.
9. "Сармат" атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. ІV ғасырдан бастап кездеседі..
10. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия.

Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
ІІ. Мағынаны тану. Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша озат оқушылар мұражайдағы «зал таныстырушылары» қызметін атқарады.
Залға енбес бұрын 5 — сыныпта өткен «Тарих», «Этнография», «Археология» терминдерінің анықтамасын есімізге түсіре қояйық.
«Тарих» дегеніміз не?
1 — зал. «Тарих – өшпес мұра» залы. (Мал шаруашылығы. Егіншілік)
«Этнография» қандай ғылым?
2. Этнография залы. (Сарматтардың материалдық мәдениеті)
«Археология» ғылымы нені зерттейді?
3. Археология залы (Археологиялық ескерткіштер)
(Интернет материалы «Сармат ескерткіштері»)

Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)

Аралтөбе – сарматтар дәуіріне жататын археологиялық ескерткіш.
Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай Ақмешіт ғибадатханасының оңтүстік - батысында Құлшаната бейітіне таяу орналасқан. 1989 ж. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З. Самашев) ашқан. 1999 ж. алғашқы зерттеу нәтижесінде үш зират қазылды. Бұрын тоналған алғашқы екі зираттан мәйіт қаңқалары мен шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары табылды. Қорымның үш зираты тоналмаған. Зират түбіне шалқасынан, басы оңтүстікке қаратып жатқызылған мәйіттің жанынан жүзден аса жебе салған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш табылған. Бұл ескерткіштің құндылығы – бұрын - соңды сарматтар дәуірінің (б. з. б. 4 – б. з. 2 ғ - лар) ескерткіштерінде қылыш емес, тек семсер мен қанжарлар ғана табылатын, ал қылыштың пайда болу кезеңі Еуропадааландар кезеңімен (4 – 5 ғ - лар), ал Азияда көне түркі тайпаларының әскери істерінің дамуымен байланысты қарастырылатын. Демек, қайқылау қылыштың шығу кезеңі біраз тереңдетіліп, оны аландар емес, осы көне Атырау өңірінде өмір кешкен сармат тектес халықтардың тарихымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік туып отыр. Үшінші қазылған зиратта сарматтар қоғамында жоғары лауазым иесі, қолбасылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен оның әйелі және екі аты қоса жерленген. Тоналғанға дейін жерленген адамдардың киім - кешегі өте бай асыл бұйымдармен, көркем әшекейлермен безендірілген, қару - жарақтан басқа абыздың асатаяғы, т. б. болған.
Қайта қалпына келтірілген Сармат көсемінің алтын киімді мүсіні 2000 жылы экспозициядан орын алып, музейдің құнды жәдігерлерінің біріне айналды.

Практикасы:
«ҚОЛДАНУ» (қарапайым тапсырмалар)
1. Сематикалық картамен жұмыс.
Оқиғалар ------------- Бесоба --- Аралтөбе --- Сынтас --- Аралтөбе --- Жайық --- Бәйте
1 Сармат ескерткіштерінің арасындағы жақсы зерттелген қоры
2 Абыз - әйелдері жерленген қорым
3 Сармат көсемі – екінші алтын адам
4 Мінажат жасау үшін салынған ғибадатхан
5 Сарматтар мекендеген теңіз жағалауы
6 1999 жылы зерттелген қорған

2. Сөйлемді толықтыр.
Обаларда ___________ жасалған ыдыстар да кездесен, бірақ бұл ыдыстарды олар өздері жасамаған, _____________ елдерінен алғызған.
Сарматтарда __________ және _________________________ тұрмыспен қатар ____________________ та дамыды.
Ескерткіштердің көпшілігі _________, __________, ________ өзендерінің бойында.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда _______-________________ отқа табыну рәсімі болған.
Жауабы: шыныдан, шығыс, көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық, Жайық, Елек, Жем, дай - массагеттерде.
3. ВЕНН диаграммасы
▪ Алтын адам сақ
1. 1969 жылы Есік қаласындағы «Есік обасынан» табылды
2. Мерзімі б. з. б. 5 - 4 ғғ.
3. Археолог К. Ақышев ашқан
▪ Алтын адам сармат.
1. 1999 жылы туған өлкеміз Атырау облысы Жылыой ауданынан табылды
2. Мерзімі б. з. б. ІІғ
3. Археолог З. Самашев ашқан
▪ Ұқсастығы
1. Үстем тап өкілі
2. «Алтын адам»
3. Баға жетпес мұра
4. Қазақ мәдениетінің дамығанының дәлелі
5. Ұлтымыздың мақтанышы

Теориясы:
«ТАЛДАУ»
4. «Бес шумақ өлең». Оқулықтағы «Сармат көсемі» суретіне қарап отырып, өлкетану мұражайынан тамашалаған жәдігерді көз алдымызға елестете отырып бес шумақты өлең құрастыру.
Зат есім (Сармат)
Сын есім (керемет, жеңімпаз)
Сан есім (б. з. б. ІІ ғ.)
Етістік (ел басқарған)
Зат есімге синоним (көсем)
ІІІ. «Ой шақыру».
Атырау облысындағы Құлсары қаласында «Алтын адам» ескерткіші ашылды. «Алтын адам» ескерткішінің биіктігі – 5 метр. Сомдаған мүсінші Серік Мәтениязов (слайд)
Жылыой ауданы әкімі Мақсым Ізбасов ашылу салтанатында.
“Аралтөбе” қорымынан табылған «Алтын адам» – көшпенділер тарихы мен мәдениетінің тым әріден басталатынын дәлелдейтін, сонау дәуірден біздің заманымызға дейін - ақ өркениетті ел болғанының белгісі. Осындай тарихи құнды - лығымызды дәріптеу жастардың елі мен жерінің тарихын тереңірек тануына, елжандылық пен ұлттық рухани мақтаныш сезімін қалыптастыруға әсері зор болатыны сөзсіз»- деді

Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
«Ойға ой қосу» әдісі: Балалар Жылой ауданы әкімінің пікіріне қандай ой қосар едіңіздер?
1. Әрбір өңір өз жеріннен табылған тарихи жәдігерлерді жас ұрпаққа осылай насихаттаған жөн. «Алтын адам» елордасы Астананың да көрікті жерінде тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Анықтамалық үш тілде жазылса, оны Астана жұртшылығымен қатар әлемнің түкпір - түкпірінен келген қонақтардың баршасы оқып мұнайлы астана Атырауымның баға жетпес құнды тарихи ескерткіштерге де бай екендігіне таң қалып, тамсанар еді.
2. Мен мол тарихы бар өзімнің туған өлкем Атырауымды мақтан етемін және «Мәдени мұра» бағдарламасында атап айтқандай тарихи жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтауға өз үлесімді қосуға уәде беріп, барлық сыныптастарымның да сондай пікірде болатындығына толық сенімдемін. Оқшылар сіздердің қорымнан тапқан жәдігерлеріңізді мұражайға тапсырамыз.
— Жәдігер деген сөзді орыс тіліне аудара қояйық.
— Экспонат
— Экспонат сөзінен туған елімізді әлемге әйгілендіретін Болашақ қуаты — ЭКСПО туралы мағлұмат беремін. ЭКСПО – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласындағы қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң.

Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
Қай топ жоғары ұпай жинаса сол топ «білім шыңына» бірінші жетіп 5 - тік баға алады.
Рефлексия
1. Менің сабақтағы көңіл - күйім?
2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
4. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?

Үйге тапсырма
«Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы» тақырыбының соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру және тест тапсырмаларын орындау.
«Сармат көсемінің қазақ тарихындағы маңыздылығы» тақырыбына эссе жазу.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі
Мухамбедиярова Алтынгүл Жолымбетқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×