Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ хандары мен билері

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары мен билері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың атақты хандары мен ауызы дуалы билері туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту
Тәрбиелік: Қазақтың ата - бабалары туралы түсінік ала отырып, Отанға деген ықылас, сезімдерін ояту, Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгіме, постер қорғау т. б.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Көрнекілік: Хандар мен батырлардың суреттері, Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, Бір - біріне жылы лебіздерін білдіру
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Баскетбол» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау (дұрыс жауап жетондармен бағаланады)
1. «Этнос» дегеніміз не?
2. Қазақ халқы түпкілікті қашан қалыптасты.
3. Қазақ хандағы қашан құрылды?
4. Қазақтың алғашқы хандары?
5. Ең жоғарғы билеуші кім?
6. Әбілқайыр кім?
7. Моғолстан ханы кім.
8. Қасым хан кім?
9. Керей мен Жәнібек кім?
10. Алаша хан кім?
11. Керей мен Жәнібектің көшіп қайту себебін түсіндіріңдер.
12. Есен - Бұға қай жерден жер берді және неге?
13. Көшіп қайтудың қазақ халқы үшін маңызы неде?
14. Қазақ хандығы құрылғанша қазақ халқы қандай оқиғаларды бастан өткерді?
15. Үш жүздің аумағын картадан көрсету
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту
- Әбілқайыр ханның қатыгездігі неге алып келді?
- Қазақ хандығының құрылуына алып келді.
- Тәуелсіздік үшін күрес одан кейінде жалғасты. Олар туралы алдағы сыныптарда оқып үйренеміз. Ал бүгін не туралы оқып үйренеді екенбіз, экранға назар аударайық!
Слайд: Атақты қазақ хандары мен билерінің суреттері көрсетіледі.(Оқушылар көргендері туралы қысқаша әңгімелейді)
Сонымен кімдер туралы оқып үйренеді екенбіз?
- Хандармен билер туралы
- Дұрыс - ақ оқушылар!
Алған жетондарына қарап, топқа бөлу
IV. Жаңа тақырып:
«№25. Қазақ хандарының тарихы» деген видеоны тамашалау. № 25. Қазақ хандығының тарихы
№1 тапсырма: Оқу және оны қорғау (постер)
1топ: Хан және Жошы хан туралы
2 топ: Қазақ хандары мен Тәуке хан туралы
3 топ; Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы
4 топ: Қазақ билері туралы

Сергіту сәті: "Қөңілді күн"

V. Жаңа тақырыпты бекіту
№2 тапсырма: Қосымша материалдардан: Әр топ өз тапсырмаларын ауызша қорғайды.
«Қазақ ордасындағы хан сайлау дәстүрі»
«Тәуке хан»
«Жеті жарғы ережелері»
«Қазақ билері»

Барлық топтарға арнап: «Кім жайында» тапсырмасы: "Үш бидің әңгімесі" атты мәтінді оқып шығып, мәтінде қай жүз жайында және қай би жайында айтылып отырғанын анықтау.
Үш бидің әңгімесі
Ертеде Ұлы жүздің бір жесірін Кіші жүздің бір жігіті алып қашып, содан барымталасып, ел арасы ығыр болыпты. Осы дауды шешу үшін Үш жүздің белгілі билері бас қосады. Сонда _____жүздің биі_______тұрып:
– Мен ағаның баласымын, жасым үлкен, билікті мен айтамын, - дейді. Сол кезде келесі _____жүздің биі ________тұрып:
– Мен атаның қара шаңырағындағы кенжесімін, жасым кіші болғанымен жолым - үлкен, төбе билік менікі, - дейді. Осы кезде келесі ______ жүздің биі________күледі.
– "Жылағанды сұрама - мұңы бар, күлгенді сұра - сыры бар" деуші еді, неге күлдің? - дейді ____ мен____.
– Сендер атадан туысыңды білесіңдер де оның өсиетін білмейді екенсіңдер, - дейді ____.
– Аталарың________қолына қауға беріп, малға қой, ________қолына найза беріп, жауға қой,________қолына қамшы беріп, дауға қой дегені қайда?! Сүрінсем, сүйер алдымда - ағам, артымда інім бар. Төбе билік жөні менікі емес пе? Бұл сөзге екі жағыда тоқтап, төбе билікті _________ береді. Сонда ___________________ шешен былай деп төрелік айтады:
- Уа, ________! Сен атадан үлкен туғансың, ініңнің бір еркелігін көтермей, жылқысын неге қуасың? Уа, жарқыным, ______! Сен қара шаңырақта қалған еркесің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесің? Сен,_____, жесірді қайыр! Сен, ______, жылқыны қайыр! - деп дауды шешкен екен.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: § 13. Қазақ хандары мен билері. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ хандары, билері және батырлары

Қазақ хандары, билері және батырлары

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси...
Қазақ хандары мен билері

Қазақ хандары мен билері

Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде Қазақ хандары мен билерінің орны жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысады....
Қазақ хандығына саяхат

Қазақ хандығына саяхат

Жалпы мақсаты 1. Оқушылар қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен жан - жақты танысады;...
Қазақ хандары, билері, батырлары

Қазақ хандары, билері, батырлары

Сабақтың мақсаты: Оқушылар ханның атқаратын қызметі және билердің тарихтағы алатын орны мен қызметі, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың...
Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Саламатова Алтынгүл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×